бағындырған жеңімпаз Наполеондар; симфониялық оркестрсіз, бам бук сыбызғысымен-ақ тайпаластарын емінте тыңдатып, егілте жылат- қан Бетховендер; өз халқына он сегіз мың ғаламды жаратушы жөнінде 61
БІРІНШІ БӨЛІМ емес, таяу төбедегі алып еменді мекендейтін аруақ туралы ғана сөз таратқан алғашқы пайғамбарлар сол кезде де шыққан болуы тиіс. Бі- рақ мұның бәрі - жорамал ғана. Үнсіздік шымылдығының қалыңдығы сонша егжей-тегжей көз жеткізбек түгіл, мұның болғанын не болмаға- нын білмейміз. Ғалымдар жауабы дайын тұратын сауалдарды ғана қоюға бейім. Ал бізде уақыт машинасы сияқты, аспап немесе бағзы бабалар аруа- ғын шақыратын білік әзірше жоқ. Ежелгі аңшылар мен терімшілер неге сенді және қандай оқиға олардың жан дүниесін астан-кестен қылға- нын біле алмаймыз. Дей тұрғанмен, осы сұрақтарды қоюымыз керек, әйтпесе «сол заманда адамдар елеулі ештеңе жасаған жоқ» деген желеумен 70 мың жылдың 60 мыңын бекерден-бекер есептен шығара саламыз. Алайда дәл сол кезде адам санасы ғана емес, сонымен қатар бізді қоршаған ортада қалыптасты ғой. Экстремал туристер адам аяғы бас- паған «пәк пішін ландшафты» іздеумен Сібір тундраларына, Орталық Австралияның шөлейіті мен Амозонка джунглиіне ұмтылады, бірақ бұл - елес қуып, қиялға еру ғана. Туристерден көп уақыт бүрын ол жер- лерден аңшылар мен терімшілер жүріп өткен. Олардан соң ит тұмсығы батпайтын джунглилер мен аңызағы аспанды қарыған шөлейттердің келбетіне көп өзгерістер енді. Келесі тарауда алғашқы қоныстар лай да болганға дейін ежелгі адамдардың ғаламшар экологиясын қалай өзгерткені туралы әңгімелейміз. Үжымдық мифологиясы дамыған көш-