пенді sapiens-тер жержүзіндегі жануарлар дүниесі бұрын-соңды ұшы-
расып көрмеген ең қуатты, ең қиратқыш күшке айналды.
* Мүмкіндіктер көкжиегі деп экологиялық, технологиялық және мәдени жағдайларды
ескере отырып, нақты қоғамға қолжетімді нанымдардың, іс-тәжірибелердің жиынтығын
атайды. Кез келген қоғам мен әрбір адам әдетте өз мүмкіндіктер көкжиегінің шағын бөлігін
ғана пайдаланады.
** Басқа да болжам жасауға болады: Дунай алабының 18 түрғынының бәрі бірдей сү-
йекте ізі қалған жауыздықтан өлген жоқ. Әлдекім тек майып болғанымен, аман қалуы мүм-
кін. Басқа жағынан алып қарағанда, көпшілігі етіне түскен жарақаттан немесе соғыстың
ажырамас серігі - аштықтан өлуі де мүмкін.
62
К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
4-тарау
Топан су
Когнитивті революцияға дейін адамның барлық түрінің мекен ету
ортасы Афроазия құрлығымен және жүзіп не сал буып жетудің сәті түс-
кен бірнеше жақын аралдармен шектелді. Мәселен, Флорес аралын
осыдан 850 мың жыл бұрын отарланды. Бірақ адамдар ашық теңізге
шығып, Америкаға, Австралияға немесе Мадагаскар, Ж аңа Зеландия,
Гавайи секілді аралдарға жете алмады.
Адамдар ғана емес. Афроазияның жануарлары мен өсімдіктерінің
көпшіл ігі осы кедергіден өте ал май, «сыртқы әлемге» таралу мүмкіндігінен
айырылды. Австралия мен Мадагаскардың фаунасы миллиондаған
жылдар бойы Афроазиянікіне қарағанда мүлде басқаша пішін мен
қасиетке ие болып, оқшау жағдайда дамыды. Жер бірнешө томаға-түйық
экожүйегө бөлініп, әрқайсысы өзіне тән жануарлар мен өсімдіктердің
ерекше жиынтығына ие болды. Homo sapiens осынау биологиялық
әралуандылықтың түбіне жетіп тынды.
Когнитивті революцияның нәтижесінде sapiens-тер технология-
Достарыңызбен бөлісу: |