&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


бағындырған жеңімпаз Наполеондар; симфониялық оркестрсіз, бам­



Pdf көрінісі
бет67/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

бағындырған жеңімпаз Наполеондар; симфониялық оркестрсіз, бам­
бук сыбызғысымен-ақ тайпаластарын емінте тыңдатып, егілте жылат-
қан Бетховендер; өз халқына он сегіз мың ғаламды жаратушы жөнінде
61


БІРІНШІ БӨЛІМ
емес, таяу төбедегі алып еменді мекендейтін аруақ туралы ғана сөз
таратқан алғашқы пайғамбарлар сол кезде де шыққан болуы тиіс. Бі-
рақ мұның бәрі - жорамал ғана. Үнсіздік шымылдығының қалыңдығы
сонша егжей-тегжей көз жеткізбек түгіл, мұның болғанын не болмаға-
нын білмейміз.
Ғалымдар жауабы дайын тұратын сауалдарды ғана қоюға бейім.
Ал бізде уақыт машинасы сияқты, аспап немесе бағзы бабалар аруа-
ғын шақыратын білік әзірше жоқ. Ежелгі аңшылар мен терімшілер неге
сенді және қандай оқиға олардың жан дүниесін астан-кестен қылға-
нын біле алмаймыз. Дей тұрғанмен, осы сұрақтарды қоюымыз керек,
әйтпесе «сол заманда адамдар елеулі ештеңе жасаған жоқ» деген
желеумен 70 мың жылдың 60 мыңын бекерден-бекер есептен шығара
саламыз.
Алайда дәл сол кезде адам санасы ғана емес, сонымен қатар бізді
қоршаған ортада қалыптасты ғой. Экстремал туристер адам аяғы бас-
паған «пәк пішін ландшафты» іздеумен Сібір тундраларына, Орталық
Австралияның шөлейіті мен Амозонка джунглиіне ұмтылады, бірақ
бұл - елес қуып, қиялға еру ғана. Туристерден көп уақыт бүрын ол жер-
лерден аңшылар мен терімшілер жүріп өткен. Олардан соң ит тұмсығы
батпайтын джунглилер мен аңызағы аспанды қарыған шөлейттердің
келбетіне көп өзгерістер енді. Келесі тарауда алғашқы қоныстар лай­
да болганға дейін ежелгі адамдардың ғаламшар экологиясын қалай
өзгерткені туралы әңгімелейміз. Үжымдық мифологиясы дамыған көш-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет