Мұндай белгілер ересек еркектердің сүйектөрінде көбірек. Соған кара-
ганда, осы адамдарды тобымен Офнет үңгірінде қырған сияқты.
Бул олжалардың қайсысы ежелгі аңшылар мен терімшілер өмірін
айқын көрсетеді: Португалиядан және Израильден табылған, өз ажа-
лынан өлгендердің қаңқасы ма, әлде Джебель-Сахаба мен Офнет үң-
гіріндегі қанды қасап қурбандарының мүрделері мө? Бәрі де! Біз сол
дәуірдегі діндер мен әлеуметтік салттың саналуандылығы туралы
айтқанбыз. Демек, олардың зорлық-зомбылыққа көзқарасы да біркел-
кі емес. Бір өңір әлдеқандай кезеңдерде бейбітшілік пен тыныштыққа
кенеліп, рақат күй кешсе, басқалары қанды қақтығыстарға ұрынды10.
Үнсіздік шымылдығы
Ежелгі аңшылар мен терііишілер өмірінің жалпылама бейнесін
көзге елестету қандай қиын болса, жекелеген оқиғаларды құрастыру
одан да бетер машақат екені белгілі. Sapiens-тер аңғарға келгенде не
болды, нөандертальдықтар қай жерді мекендеді? Сірә, бул бір қызық-
ты тарихи драма болған сыңайлы. Әттеген-айы, тек тасқа айналған
сүйек пен тас қуралдардан басқа сол кездесуден ешқандай із қалған
жоқ. Зерттөушілер қаншама бас қатырып, санасын суалтса да айғақ-
тар жұмған аузын ашпайды. Әлгі олжалар бізге: адам анатомиясы,
технологияларды дамытуы, тамақтануы мен тұрмыс салты жөнінде
бірсыдырғы мағлұмат бере алар. Бірақ олар sapiens-тер тобы өзара
жасасқан саяси одақ жайлы, осы одаққа ата-баба аруағы қалай бата
тілегені жене осынау ақ батаны алу үшін бақсыға азудан жасалған қан-
ша моншақ бергені туралы өштеңе айтпайды.
Үнсіздік шымылдығы адамзат тарихының он мыңдаған жылын қал-
қалап тур. Осы мыңжылдықтар соғыстар мен төңкерістердің, діни ре-
формалардың, іргелі философиялық ілімдердің, өнер жауһарларының
куәсі болуы ебден мүмкін. Люксембургтен екі есе кіші империяларды
Достарыңызбен бөлісу: |