А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет52/172
Дата02.12.2023
өлшемі1,78 Mb.
#194761
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   172
Байланысты:
httpstermincom.kzassetspdf3f6819f4d3d114a3d7389dac6ea4d3d5.pdf

сӨз тАлғАУ
Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған 
еді. Оның бірі – 
ақын тілі 
деп, екіншісі –
әншейін тіл 
деп 
аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мы-
нау: әншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, 
тазалығын, дәлдігін талғайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, 
анықтығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне көрнекті, әуезді 
болу жағын талғайды.
Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын 
жалпы шарттары мынау:
1. сөз дұрыстығы
Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс 
күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек:
Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, 
жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын 
өз орнына тұтыну;
Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс 
ымыраластыру; Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, 
дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру.
2. тіл тазалығы
Тіл тазалығы 
дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің 
сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, 
жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа 
түсінікті сөздерді алу.
Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау 
түрлі сөздерден қашқан:
а. Ескірген сөздерге жоламаған;
ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан;
б. Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан 
қашқан;
в. Жергілікті сөздерге яғни бір жерде айтылып, бір жерде 
айтылмайтын сөздерге жоламаған.


166
Қазақ әдебиеті қатып-пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін 
ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп ол жағынан 
қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап 
қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). 
Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз 
тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді 
алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-ара-
ластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айыры-
лып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі 
әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән 
сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып, 
сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза бо-
лып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалған 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет