«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ» «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» БИОМАССА НЕГІЗІНДЕГІ КӨМІРТЕКТІ АДСОРБЕНТТЕРДІҢ МЕНШІКТІ БЕТІ МЕН КЕУЕК ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ ОРАЗБЕКОВ А. Т.
магистрант, Шәкәрім университеті, Семей қ. ЖАНДОСОВ Ж. М.
х.ғ.к., доцент, Жану проблемалар институты, Алматы қ. БАЙМЕНОВ А. Ж.
PhD, Назарбаев Университеті, Астана қ. НУРГАЛИЕВ Н. Н.
PhD, Шәкәрім университеті, Семей қ. Ауылшаруашылық қалдықтарының ішінде лигноцеллюлоза
бағасы төмен көміртекті материалдар өндіру үшін арзан және
қолжетімді, жыл сайын қалпына келетін өсімдік шикізаты болып
табылады. Лигноцеллюлоза негізіндегі белсендірілген көмір - бұл
көптеген процестер үшін үлкен маңызы бар кеуекті материал.
Белсендірілген көмірдің құрылымы туралы қосымша ақпаратты
метилен көк және йод сияқты әртүрлі адсорбаттардың адсорбциялық
сипаттамалары арқылы да анықтауға болады [1].
Бұл мақаланың мақсаты - белсендірілген көмірдің беткі
қабатын, микрокеуек көлемін және жалпы кеуек көлемін йод санын
қолдана отырып бағалауға болатындығын көрсету. Әдіс күріш
қауызы прекурсорлардан жасалған белсендірілген көмір үлгілерінің
зерттеу арқылы жасалған.
Тәжірибелік бөлім
Көміртекті материалдарды активациялау арқылы алу
Сурет 1а
–
Бу-газ активациясы
қондырғысының жалпы көрінісі
а) 1 – пештің ішкі корпусы;
2 – топсалы ілмегі бар пештің үстіңгі
қақпағы; 3 – сфералық реактор;
4 – мотор-редуктор; 5 – энергия көзі;
Сурет 1b – Күріш қауызы үлгісін
фосфор қышқылымен химиялық
активациялау
1 – Цилиндрлі пеш; 2 – Күріш
қауызы мен фосфор қышқылы
қоспасы бар кварц сынауықтар;
3 – терможұп
Зерттеу жұмысында көміртекті материалды алу келесі сатылар
бойынша жүзеге асырылды:
1) Прекарбонизация
2) Лигноцеллюлозды материалды фосфор қышқылымен
активациялау
3) Нейтралдау
4) Дисилицирлеу
5) Жуу мен кептіру
Йод санын анықтау әдісі
Бұл жүмыста йод саны (IN) ASTM D4607-94 стандартына
сәйкес анықталды [2].
Адсорбциялық қабілетті мына формула бойынша есептелінді:
Мұндағы, q – 1 г активтелген көміртекті материалға (АКМ)
адсорбцияланған йод мөлшері (мг) – йод ерітіндісінің бастапқы
концентрациясы (шамамен 12,69 г/л),
– йод ерітіндісінің
тепе-теңдік концентрациясы, (Na2S2O3 ерітіндісімен титрлеу