Байланысты: XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА РЫ» меншікті беттік ауданы мен йод саны арасындағы анық емес
корреляция бар (3, 4 бағаналар), меншікті беттік ауданы мен
йод саны қатынасының орташа мәнінен ([SБЭT/IN] орт=1,74)
ауытқу 27% аспады (бағана 5). Бағана 1 және 4 бойынша үлгіде
неғұрлым оттек көп болса, соғұрлым меншікті беттік ауданы мен
йод саны қатынасы жоғары болады. Бұл, көріп отырғанымыздай,
активтелген көміртекті материалдың беттік қабатындағы полярлы
оттекқұрамды топтардың мөлшері көп болған сайын, полярсыз йод
молкекуласының адсорбцияына кедергі келтіреді [3].
Қорытындылай келе, йод саны мен меншікті беттік аудан
арасындағы байланыс сызықты болмаса да, кеуекті көміртекті
материалды алудың оптималды жағдайын нақты таңдағанда олар
бір-бірін толықтырады.
Күріш қауызын фосфор қышқылымен әр түрлі температурада
активациялау арқылы алған ККҚ үлгілері сериясының ішінде
жоғары меншікті беттік ауданы мен йод санына 400-500
о
С
температура аралығында активацияланған үлгілер (ККҚ-Р-400
және ККҚ-Р-500) ие. Неғұрлым бастапқы және соңғы өнімде оттек
көп болған сайын, соғұрлым активтелген көміртекті материалдың
меншікті беттік ауданы мен йод саны қатынасы жоғары: фосфор
қышқылымен 500
0
С температурада активациялау арқылы алынған
үлгілердің меншікті беттік ауданы (1690 м
2
/г) мен йод саны (1150
мг/г) жоғары.
Бұл мақалада біз йод санын бірнеше регрессия арқылы
белсендірілген көмір үлгілерінің бетінің ауданын, микрокеуек
көлемін және жалпы кеуек көлемін бағалау үшін қалай пайдалануға
болатынын көрсеттік. Йод санын анықтау үшін қолданылатын
процедуралар салыстырмалы түрде арзан және қарапайым және
күрделі жабдықты қажет етпейді. Сонымен қатар, әзірленген
материал йодтың адсорбциясы туралы зерттеулерден әдеттегіден
гөрі көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс белсендірілген
көмірдің текстуралық қасиеттерінің тиісті сипаттамасын
алмастырмаса да, газды адсорбциялау эксперименттеріне арналған
жабдықтары жоқ зертханалар үшін құнды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Köseoğlu E., Akmil-Başar C. Preparation, structural evaluation
and adsorptive properties of activated carbon from agricultural waste
biomass. Advanced Powder Technology. 2015;
2. American Standard of Testing Material. ASTM D4607-94.
American Standard of Testing Material; 2011. Standard test method for
fixed carbon in activate carbon.
3. Ceyhan A. A., Şahin Ö., Baytar O., Saka C. Surface and porous
characterization of activated carbon prepared from pyrolysis of biomass
by two-stage procedure at low activation temperature and it’s the
adsorption of iodine. Journal of Analytical and Applied Pyrolysis. 2013;