226
Педагогикалық технология оқыту және тәрбие технологиясы тү-рінде
қарастырылады. В.В.Пикан педагогикалық
технологияның ма-ңызды
белгілерін бөліп көрсетеді.
- технология нақты педагогикалық ойды іске асыру үшін ав-тордың
әдіснамалық, философиялық ұстанымын айқындайды. Осыдан барып, білім
беру үдерісінің технологиясы немесе жеке тұлғаны дамыту технологиясы
екені анықталады;
- педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегі, операция-лары,
коммуникациялары қойылған мақсатқа сай жүйеленіп, алынатын нәтиже
формасын белгілейді;
- технология мұғалім мен оқушының
өзара байланысты әреке-тін
келісім-шарт негізінде саралау және даралау, адамдық және тех-никалық
мүмкіндіктерді ескеріп,
диалогтық
қатынастарды оңтайлы шешу
принциптеріне негізделеді;
- педагогикалық технология элементі біріншіден, кез келген мұ-ғалім
қайталай алатындай болуы тиіс, ал екіншіден жоспарланған нә-тижеге
(мемлекеттік стандарт) барлық оқушыны жеткізуі тиіс;
- педагогикалық технология мен
диагностикалық процедуралар
(өлшемдер, көрсеткіштер, әрекет нәтижесін өлшейтін инструмента-рилер)
органикалық байланыста болуы тиіс.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара
байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру
дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан
алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек
операциялық компонентті меңгерумен шектелмейді.
Педагогтар арасында
орын алған пікірдің бірі - педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән,
оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен де
педагогикалық технология мен шеберліктің ара қатынасын ескерсек,
педагогикалық технологияны меңгеру, педагог-тың жеке сапалық қасиетіне
байланысты. Кез келген технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі
мен шеберлігі әр түрлі болады.
Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық техно-логия
жалпы және жеке технологиялар
болып бөлінеді. Жалпы тех-нологияға
оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке
технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу
жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және
бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие жағдатын талдап, оны шешу
жолдарын анықтау.
Сонымен, біртұтас педагогикалық үдерісті жобалап, оны жүзе-ге
асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет, егер оның
біреуі
өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр
болады.
Педагогикалық
технологияның
«әдістен»
айырмашы-лығы
тәрбиеленушілер әрекетінің мазмұнын және оны ұйымдастыру тәсілдерін
227
жобалауында.
Педагогикалық
технология
қойылған
мақ-саттың
диагностикасын және жеке тұлғаны тұтастай дамытатын педа-гогикалық
үдерісті обьективті бақылауын қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: