223
оқушылардың бойында қажетті тұлғалық сапа-ларының қалыптасуы туралы
түсінікті дұрыс құруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың тәрбиелілігінің негізіне Л.С.Выготскийдің бала-ның
жас ерекшелігі мен жеке бас қасиеттерінің дамуы туралы негізгі ұстанымын
басшылыққа алуға болады. Бұл ұстаным бойынша, оқу-шылардың тәрбиелік
деңгейін анықтауда баланың әр жас кезеңіндегі орталық психологиялық жаңа
құрылымының, яғни
өзіндік санасының қалыптасуын
ескеруді керек етеді.
Оқушылардың өзара қарым-қаты-насы олардың тәрбиелік деңгейін
анықтауда басты рөл атқарады деп түйіндейді.
Оқушының тәрбиелік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген бі-лім,
білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және әдептілік-адамгершілік
қарым-қатынастағы жеке басының мінез-құлық көріні-сімен анықталады.
Олай болса,
тәрбиелік өлшемнің көрсеткіші
әр сыныпта өзгеріп
отыратындықтан, педагогикалық тұрғыдан субьек-тивтік баға беріледі.
М.И.Шилова тәрбиелік жүйеде тұлғаны
диагностикалауда негіз-гі
сапалық өлшеміне оның тәрбиелігі, білім, білік, дағды, эрудициясы,
әлеуметтік ортамен қарым қатынасы, тұлғалық рухани қасиеттері, еңбекке
қатынасы, эстетикалық талғамы, өзін - өзі тануы, бағалауы, жетілдіруі т.б.
алынады.
Диагностика - объектіге алынған тұлғаға, педагогикалық жүйе-ге
талдау, оның дамуына, жетілу және қалыптасу үдерісін бақылай отырып,
нәтижесін айқындау. Педагогикалықдиагностика тұлғаның даму үдерісін
зерттеу,
білімге деген қатынасын, тәрбиелік деңгейлерін мінез - құлқын, іс -
әрекетін, тұлғаралық қарым - қатынастарына талдау жасау.
Тәрбие
диагностикасыдегеніміз
тұлғаның білімдік жә-не тәрбиелік деңгейлерінің
сапалық және сандық деңгейде жетілуіне, дамуына сипаттама бере отырып,
өсу деңгейлерін айқындайды.
Мектепте диагностика жүргізудің негізгі мақсаты тұлғаның өсуі мен
жетілуін айқындау. Тұлғаны диагностикалауда біз оның
әлеумет-
тенуін,тәжірибесін,зиялылық және туа біткен
қасиеттерін негізге аламыз.
Әлеуметтенуі
- дүниетанымы, адамгершілігі, эстетикалық құндылықтары,
еңбекке
қатынасы,
ұйымдастырушылығы,
қоғамдық
белсенділігі;
тәжірибелік
- ғылымилық, шеберлік,
зиялылық -
қа-былдауы, ақылы, есте
сақтауы, ерік - жігері,
туа біткен қасиеттер
- жүйке жүйесі, мінезі,
бейімділік қасиеттері.
Педагогикалық - диагностикалық эксперимент құрылымы мен
шарттары.
Педагогикалық - диагностикалық эксперимент
құрылы-мына
бастапқы зерттеу,
анықтаушы, қалыптастырушы, бақылау, са-лыстыру,
қорытындылау, бекіту қамтылады. Диагностикалаудың әдіс-темесіне, әдіс -
тәсілдеріне сүйене отырып, бақылау әдісі, сауалнама әдісі, әңгіме,
әңгімелесу, интервью, тест, контект талдау т.б. әдістер негізінде
эксперименттік жұмыстар жүргізу көзделеді.
224
Педагогикалық - диагностикалық зерттеуде ең маңызды әдіс-тердің
бірі контент-талдау әдісі, зерттеуге алынған объектіден жазбаша шығарма,
хат, эссе жазу арқылы оқушының іс - әрекетіне мазмұнды талдау жасалады.
Жиі жүргізілген контент - талдау әдісінде
оқушыға жекелей тұлғалық
сыпаттама бере аламыз.
Мәліметтерді алу және жинақтауға байланысты аз уақыт ішінде тест
жүргізу арқылы тұлғаның қабілеті мен көңіл - күйін айқындауда тест
әдісінің көптеген бағыттарын пайдалануға болады: тұлғаға бағыт-талған,
жобалау, интеллектіні айқындау, сыни тұрғыда ойлау, крите-риалдық -
бағытталған т.б.
Н.М.Борытко тұлғаның тәрбиелігі мен білімділігіне диагнос-тика
жүргізуде төмендегі
шарттарды ескеру
керектігін ұсынады:
- сапалық және сандық сипаттама жасау ( жасы, әлеуметтік жағ-дайы,
мекен жайы, оқуы, медициналық - биологиялық жағдайлары);
- зертелушініңсапалық және сандық сипаттамасын бағалау кри-
терийлерін құрастыру;
- айқындалған критерийлер зерттеу барысында қаншалықты жиі
кездесетінін айқындау;
- сипаттамадағы анықталған мүмкін болған себептерді жіктеу;
- зерттеу барысында айқындалған кемшіліктерді
жоюдың жол-дарын
көрсету;
- зерттеу барысында айқындалған жағымды тәжірибені наси-
хаттаудың қажеттілігін негіздеу.
Тәрбие
жұмысы
тиімділігінің
психологиялық-педагогикалық
диагностикасының
әдістері.
Педагогикалық
–
психологиялық
диагностикалық эксперимент барысында әдістердің кешенін: анализ, син-тез,
жобалау, индукция, дедукция, идеалдау, ойша эксперимент, са-лыстыру,
жинақтау, маңызына қарай талдау, топтастыру т.б. қамтиды.
Нақты жүргізілген педагогикалық - диагностикалық экспери-мент
педагогикалық үдерісті жандандыруға үлкен ықпал етеді. Мек-тептегі
педагогикалық эксперимент тұлғалық қатынасқа, жас ерек-шелікке,
анатомиялық
- физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларға аса
мән берілуі керек. Зерттеушілер мектепте диагнос-тика жүргізгенде мектепке
дейінгі, кіші мектеп жастындағы, балалық шақ, жоғарғы мектеп жасындағы
аралықтарды нақты белгілеп жас ерек-шелігін негізге ала отырып
жүргізгенде дұрыс нәтижеге жетеді.
Тәрбие жүйесінде
сапа критерийлеріне
жүйенің қойылған мақ-сатқа
жақындау
дәрежесі,
мектептің
жалпы
психологиялық
климаты,
оқушылардың тәрбиеліктерінің деңгейлік көрсеткіштері т.б. Мектептің
алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру жұмыс-
тарының нақты іске асуы, оның тәрбиеленушілердің тәрбиелік деңгей-
лерінің өсуіне ықпалы, жақсы нәтиже алуға бағытталуы, яғни,
тұлға-ның
дарындылығы мен қабілетін, зиялылығын аша білу. Көптеген ғы-лыми
225
зерттеу жұмыстарында оқушылармен жүргізілген тәрбиелік -диагностикалық
зерттеулерде тәрбиелік деңгейлерін төмен, орта, жоғары деп үш деңгейлерге
бөліп қарастырылады.
Педагогикалық диагностика барысында тұлғаның бойында ада-ми
құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің кешенді жүргізілуі, мақсаты,
міндеттері, мазмұны, әдіс пен формалардың өзара әрекеттестікте іске
асуы
көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: