Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім беру стандарттары -



Pdf көрінісі
бет20/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Білім беру стандарттары -
оқу пәндері бойынша білім мазмұнының 
құрылымы мен құрамының нормаларын және оларға қойы-латын талаптарды 
рәсімдейді, сондай-ақ білім мазмұнының мемлекеттік минимумы мен 
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді. 
Мемлекеттік білім стандарты сабақтас үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) 
тұжырымдамалық, 2) нормативтік, 3) әдістемелік бөліктер. Бірінші бөлікке 
бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы білім мазмұны 
жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екінші бөлікке, нормативтік қызмет 
атқаратын жаңа құжат–негізгі оқу пәндері, үшінші бөлікті оқу-әдістемелік 
кешен құрайтындығы нақтыланған.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 
бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы жалпы орта білім берудің 
стандарттары 34 пән бойынша қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде 
жарияланды. Мемлекеттік білім беру стандарттары оқу пәндері бойынша: 
базалық білім мазмұнына, білім беру бағдарламаларының түрлеріне, оқу 
жүктемесінің көлеміне, мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті 
(минимум) дайындық деңгейіне, оқу үдерісінұйымдастыру және оны жүзеге 
асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. 
Стандарт балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-
жақты дамуына және оқу үдерісінің сапасын көтеруге қолайлы жағдайлар 
туғызуға қызмет етеді. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім 
стандарттары негізінде дайындалған базистік оқу жоспарларының құрылымы 
екі бөліктен тұрады: 


18 
-
инварианттық бөлік-қоғамдық мұраттарға сәйкес оқушылардың 
тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды, ұлттық және жалпыәлемдік 
мәдениетті менгеруді қамтамасыз етеді; 
-
вариативтік бөлік–оқушылардың қызығушылығын, тұлғалық 
ерекшелігін ескере отырып жекелей дамуына жағдай жасайды. 
Инвариантты және вариативті бөліктер білім мазмұны жағынан бір-
бірін толықтырады. Мектептің оқу жоспарына сәйкес білім берудің үш түрі 
қамтылады: 
-
жалпы орта білім берудің базалық ядросы болып табылатын 
міндетті компоненттер; 
-
мектептің, 
аймақтың 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
және 
оқушылардың таңдауы бойынша таңдау компоненттері; 
-
элективтік арнайы курстар, факультативтік сабақтар, т.б.. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет