Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет17/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

әлемдік білім 
беру кеңістігіне кіріктірілуі
. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның 
құрамына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық 
негіздері бойынша ерекшеленетін 
ұлттық білім беру жүйелері
кіреді. Осындай 
әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстары, әрекеттестіктері әр адамның 
дүниетанымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің 
қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі 
ретінде сезіне алуларына мүм-кіндік тудырады.
4)
 
Үздіксіз білім беру үдерісі.
Білім шексіз, білім алу бір қысқа 
мерзімді үдеріс емес, керісінше, адам өмір бойы білімін жетілдіріп, танымын 
тереңдете беруі керек. Ақпараттық заманында білім тез-ақ ескіріп қалатыны 
айқын байқалуда. Осыған байланысты әр адам жинақтаған білімін үнемі 
толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Сондықтан қазіргі кезде «қосымша 
білім беру», «үздіксіз білім беру», «маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру», 
«өз бетінше білім алу», «қашықтықтан білім беру» ұғымдары 
психологиялық-педагогикалық, әлеуметтанулық әдебиеттер мен мерзімді 
педагогикалық басылым-дарда өте жиі талқылануда.
5)
 
Білім беруді гуманизациялау үдерісі
. Білім беруді гуманиза-
циялаудың басты идеясы – адам тұлғасының құндылығын жоғарлату, адам – 
барлық іс-әрекеттер өлшемі, адами фактордың сапасын жақсарту. 
Педагогикалық сөздікте 
гуманизм
-адам тұл-ғасын ең жоғарғы құндылық 
ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы 
мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты дамуын 
қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі. Гуманизм–адамның өмірлік 
ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек 
жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім 
беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні-тұлғаны ең 
жоғары құндылық ретінде қарастыруында. Сондықтан оқыту-тәрбиелеу 
үдерісін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет 
6)
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет