Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған



Pdf көрінісі
бет25/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған.
Мұғалімнің іс-
әрекеті, қызметі балалардың болашағына бағдарланып, оның еңбегінің 
нәтижесі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі 
нақты бір іс-әрекет орындалып болғаннан кейін ғана емес, айлар, жылдар 
өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады.
Ұстаздық 
қызметтің тағы бір ерекшелігі-педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол 
таба білуінде, әр баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін қолайлы жағдай 
жасай алу шеберлігінде. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде 
сезінуіне көмектесіп, оның бойында өзінің ішкі жан дүниесін, өмірді, әлемді 
тануға деген қажеттілікті оята білуі керек. 
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты.
Мұғалім үнемі 
мінездері, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі 
қалыптасқан балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал осындай ұжым ішіндегі 
қарым-қатынастық жүйені дұрыс басқара білу үлкен педагогикалық 
шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамытуда педагогика ғылымындағы 
А.С.Макаренко негізін салып кеткен 
тұлғаны ұжымда,ұжым үшін және 
ұжым арқылы тәрбиелеу теориясының 
маңызы зор. Бұл теория көптеген 
шығармашыл педагогтардың зерттеулеріне негіз болып, тәжірибе жүзінде 
сыналып, жылдан жылға жетілдірілу үстінде, тиімділігі арта түсуде. 
Мұғалімдер күрделі үдерісті – оқушы тұлғасының қалып-тасуын 
басқарады.
Мұғалім - оқушы өмірінің іргетасын қалаушы және ғылым 
негіздерін меңгертетін маман. Мұғалім мамандығы бар-шамызға ортақ 
игілікті іс болып табылатын жас ұрпақты 
тәрбиелеуге негізделеді
, себебі 
адам бойындағы тәрбие мен жүйелі білім баланың өмірінің он бір жылы 
өтетін орта мектептен бастап қалыптасады.
Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды ин-
теллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене сапаларын 
жетілулдіруді 
көздейді. 
Сондықтан 
мұғалім 
шәкірттердің 
жас
ерекшеліктерімен қатар 
дербес
ерекшеліктерін ескере отырып барлығына 
ортақ бір тиімді қарым-қатынастық жүйені қалыптастыруға жұмыстанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет