Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет35/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Педагогикалық бейімділік
– тұлғаның педагогикалық кәсіпке деген 
сезімдік талғамының арта түсуі, құлшынысының, ынтасының жоғары деңгейде 
танылуы. Педагогикалық бейімділіктің негізі мұғалімнің педагогикалық іс-
әрекетке деген және өзіне деген құндылықтық қатынастар жүйесі.
Педагогикалық 
бейімділік – 
адамныңпедагогикалық іс-әрекеттерге деген қабілеттер жүйесінің 
даму және қалыптасу деңгейі. Педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің
нақты оқыту немесе тәрбиелік іс-әрекетке қатысу кезінде айқындалады. 
Сонымен, педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің теориялық және 
практикалық педагогикалық тәжірибе жинақтап, өзінің педагогикалық 
қабілеттерін бағалай алу негізінде қалыптасады. Мұғалімнің негізгі кәсіби 
маңызды 
қасиеттері 
ретінде 
педагогикалық 
парыз, 
педагогикалық 
жауапкершілік, педагогикалық ұстаным
ұғымдарын атап өтуге болады.
Педагог тұлғасының құрылымында оның 
кәсіби-педагогикалық
бағыттылығы
маңызды рөл атқарады. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық
бағыттылығы оның негізгі кәсіби маңызды қасиеттерінен құралады. Осы 
қасиеттердің ішінде мұғалімдік кәсіпке деген қызығушылық, кәсіби-
педагогикалық қабілеттер ерекше мәнге ие.
Мұғалім мамандығына деген қызығушылық
балаларға, олардың ата-
аналарына, жалпы педагогикалық іс-әрекет түрлеріне деген жағымды эмоциялық 
қатынаспен және педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруге деген 
құштарлықпен сипатталады.
Педагогикалық қабілеттілік
- тұлғаның педагогикалық іс-әре-кетті 
орындауда жоғары деңгейде көрінетін жеке қасиеттері. Психологиялық 
сөздіктерде 
педагогикалық қабілеттер
- мұғалімнің педаготтік қызметте 
жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық 
ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама 
жиынтығы ретінде анықталады. 


34 
Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері негізінде оның оқушылар мен 
әріптестері алдында абыройы жоғарылай түседі. Педагогикада педагог 
абыройы деген сөз тіркесі педагог авторитеті деген ұғыммен синонимі 
болып қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет