Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет32/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
1.
Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде? 
2.
Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай? 
3.
Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады? 
4.
Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз? 
5.
Педагогикалық іс-әрекет стильдері қалай сипатталады? 
3-тақырып. 
ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢКӘСІБИ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ 
3.1.
 
Жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, 
жеке тұлға компоненттері.
Адам мен қоғамның өзара қатынастарының 
нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше мағынаны иеленеді. Тұлғаның негізгі 
міндеттерінің бірі–қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен игеріп, қоғамдық
қатынастар жүйесіне еркін ене алуы. Аталған міндетті шешу барысында тұлға 
өзінің іс-әрекеті мен қарым-қатынас нәтижелері арқылы әлеуметтік ортада өзін-
өзі таныта алады. Осыдан жеке тұлғаның негізгі сипаты болып табылатын оның 
әлеуметтік мәні
айқындала түспек.
Психологиялық-педагогиялықәдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, 
А.Н.Леонтьев, Б.Г. Ананьев т.б. ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына 
түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалар берілген. Тұлға мәселесін зерттеуде 
Б.Г.Ананьев 
«іс-әрекет субъектісі»
деген ұғымды пайдаланады. «Іс-әрекет 
субъектісі» деген ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» 
ұғымдарын байланыстырып тұр. 
Субъектілік
адамды оның психикалық 
дамудың ең жоғары сатысы болып табылатын 
санасы
арқылы басқа тіршілік 


31 
иелерінен ажырататын басты белгісі. Өзінің саналы іс-әрекеті арқылы адам 
қоршаған ортаны өзгерте алады. Сондықтан, 
субъект
дегеніміз іс-әрекет ете 
алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға– қоғамдық қатынастардың 
субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен 
белсенділігі.
 
Сонымен қатар, тұлға қоғамдық қатынастардың 
объектісі
де бола 
алады, яғни, тұлға қоғамның әсерлі ықпалы нәтижесінде әлеуметтенеді, 
тәрбиеленеді, білім алады. Жеке тұлға-қоғамдық өмірдегі күрделі, көпжақты 
құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында 
жеке тұлға
деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен 
өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір 
қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға–қоғамдық мәні бар адам. 
Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық қатынастар жүйесі 
мен еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға–индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның 
әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу 
қабілеттері. Адам жеке тұлға ретінде өзінің санасының даму деңгейімен, өз 
санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық 
қасиеттері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:
-
әр адам жеке тұлға бола алады. 
-
жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға 
қатысты тұлға ұғымы қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет