31
иелерінен ажырататын басты белгісі. Өзінің саналы іс-әрекеті арқылы адам
қоршаған ортаны өзгерте алады. Сондықтан,
субъект
дегеніміз іс-әрекет ете
алу қабілеті бар саналы жеке тұлға. Тұлға–
қоғамдық қатынастардың
субъектісі, яғни, оның қоғамға әсер ете алуы, оның әлеуметтік іс-әрекеті мен
белсенділігі.
Сонымен қатар, тұлға қоғамдық қатынастардың
объектісі
де бола
алады, яғни, тұлға қоғамның әсерлі ықпалы нәтижесінде әлеуметтенеді,
тәрбиеленеді, білім алады. Жеке тұлға-қоғамдық өмірдегі күрделі,
көпжақты
құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында
жеке тұлға
деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын,
қоршаған ортамен
өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір
қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға–қоғамдық мәні бар адам.
Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық қатынастар жүйесі
мен еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға–индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның
әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды
іске асыра алу
қабілеттері. Адам жеке тұлға ретінде өзінің санасының даму деңгейімен, өз
санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық
қасиеттері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады.
Психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:
-
әр адам жеке тұлға бола алады.
-
жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға
қатысты тұлға ұғымы қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: