кәсіп деп атайды.
Мамандық –берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен
айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика
мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды
меңгереді. Мамандықтарына байланысты информатика пәнінің, тіл мен
әдебиет пәнінің, тарих пәнінің мұғалімдері деп аталады. Сонда
кәсіп деген
ұғымның ауқымы
мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені
байқалады.
Жоғарыда аталып отырған іс-әрекет түрлерінің ішінде
педагогикалық іс-әрекеттің алатын орны ерекше. XX ғасырдың 1950-1970жылдыры
көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының
қырсырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға
бағытталды: педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина,
А.И.Щербаков т.б.); педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.); мұғалім
профессиограммасы (В.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.).
«Педагогикалық іс-әрекет» деген ұғымның көпқырлылығы мұғалімнің
атқаратын
негізгі міндеттер тізбегінен-ақ байқалады: хабарлау, оқыту,
дамыту, тәрбиелеу, зерттеу, болжау, қалыптастыру, құрастыру т.б.
Педагогикалық сөздіктерде
педагогикалық іс-әрекет – үлкендердің
өскелең ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік, әлеуметтік,
мақсаттарға сай өзіндік белсенді іс-әрекетке дайындаудағы қоғамға пайдалы
іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты
оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін
шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай
жасауға бағытталған
кәсіби іс-әрекет . Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі
–мұғалім. Ал
мұғалім іс-әрекетінің объектісі–тұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара
тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде
педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып
табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
1.
Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
2.
Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (
мета -іс-әрекет).
3.
Іс-әрекет
субъект-субъектілік және
субъект-объектілік сипатта болады.
4.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық іс-
әрекеттің нәтижелері болашақта ғана айқындалады.