15
сабақтың деректі материалдары: Карта, тарихи суреттер, тірек-кестелер
мен тарихи құжаттардан үзінділер берілген слайд.
сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: Сабақты
ұйымдастыру бары-
сында тарихи
экскурсия, сауалнама, технологиялық ақпараттылық әдістерін
пайдалану керек.
сабаққа қатысты ескертпелер: қазақ халқының саяси дамуындағы күрделi
кезең болып саналатын XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүз бен Орта
жүздің саяси жағдайын түсіндіру үшін Орынбор шекаралық комиссиясының
жаңа төрағасы И.И.Неплюевтың жеке тұлғасы мен қазақ жеріндегі саясатын
талдауға назар аудару қажет.
сабақтың барысы. Сабақты XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші
және Орта жүздегі саяси жағдайдың күрделі болғандығынан бастау керек.
Жоңғар шапқыншылығының толық аяқталмауы мен Ұлы жүздің шын
мәнінде жоңғарлар қол астында қалуы жағдайында парсы билеушісі Нәдір
шах тарапынан туындағын жаңа басқыншылық соғыс қаупі, Ресейдің саяси
жағдайды қаншалықты күрделендіре түскендігін түсіндіру керек. Осы орайда
материалдың күрделілігін ескере отырып, оқушыларды жаңа сабақты игеру
үшін 4 топқа бөліп, өз беттеріне тапсырмалар беру қажет. 1-топ алдын ала
дайындалған жоспар бойынша XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Кіші жүздегі
саяси жағдайды талдайды. 2-топ Әбілхайыр ханның Орта жүздегі ықпалының
өсуінің себептерін көрсетуі керек. 3-топ Әбілқайыр
ханның саясатындағы
өзгерістерді талдаса, 4-топ Әбілқайыр ханның өлімі мен оның жалпы Ресейге
қатысты ұстанған саясатының нәтижелерін талдауға бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: