8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет19/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Білімді бағалау мүмкіндіктері. Мұғалім арнайы дайындалған сұрақтар 
арқылы оқушылардың аналитикалық ойлау, тұжырым жасау, жаңа фак-
тілерді игеру мүмкіндіктерін анықтайтын арнайы тапсырмалар дайындау 
арқылы бағалайды. 


17
Қосымша тапсырма 
Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары барысында пайда болған тарихи жыр-
дастандар мен әңгімелер туралы мәліметтер дайындау. 
§12. абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы
сабақтың мақсаты: 7.3.1.2. – қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын 
талдау. 
7.3.2.2. – қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау. 
зерттеу сұрағы: Дербес қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай хан-
ның рөлі қандай? 
Оқулық
XVIII ғасырдың 50–60-жылдарындағы Ұлы және Орта жүздегі саяси 
үдерістер. Абылай хан. 42–45 беттер.
Тірек сөздер: Әбілмансұр, Орск, Цин империясы, “Шүршіт қырылған”. 
ресурстар: 
Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3. 
– Алматы: Атамұра, 2002. – 247-278 бб.
Тарақ Ә
. Абылай хан. – Алматы, 2014.
сабаққа дайындық: Көрнекті мемлекет қайраткері болған тарихи тұлға 
Абылай ханның өмір жолы мен көрнекті мемлекет қайраткері ретінде 
қалыптасу барысы, қайраткердің балалық шағы мен өскен ортасы туралы, 
ол өмір сүрген тарихи кезеңнің ерекшелігі туралы білім беру. 
Абылай ханның өскен ортасы, оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен 
тарихи жағдаймен таныстыру арқылы оқушылардың оны “Ұлттық тұлға” 
ретінде тануына қол жеткізу. Абылай ханның көрнекті мемлекет қайраткері 
ретінде қалыптасу жолын оқыту арқылы оқушылардың санасын, көзқарасын 
“ұлттық идеология” тұрғысынан қалыптастыру. 
Абылай ханның көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалыптасу жолы 
арқылы оқушыларды тұлғаны құрмет тұтуға, өткенді сыйлауға, жақсы адамға 
еліктеп бой түзеуге, өзін-өзі тәрбиелей білуге, өзін-өзі тани білуіне тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет