8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет20/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақтың деректі материалдары: Фотослайд. Абылай ханның тарихи 
суреттері, қалпына келтірілген бас мүсіні, Абылайдың балалық шағы туралы 
тарихи құжаттар мен тарихи-әдеби шығармалардан үзінді. 
сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: Сабақ түрін тұлғатану форматын-
да таңдап алуға болады. Сонымен қатар сабақты ұйымдастыруда интербелсенді 
сабақ әдістерін, мысалы дискуссия, ақпараттылық, ғылы милылық, танымдық 
ойындар түрлерін жан-жақты пайдалану керек. 
сабаққа қатысты ескертпелер: Абылай ханның тарихи тұлғасын жан-
жақты аша түсу үшін ханның өмірі мен қызметіне қатысты тарихи, әдеби 
шығармалардан үзінділер келтіру, арнайы материалдар топтамасын дайындау 
керек. Оны сабақ барысында пайдалануға, оқушыларға арнайы тапсырма 
ретінде (мысалы, мәтінмен жұмыс тәсілі түрінде) беруге болады. 
сабақтың барысы. Мұғалім сабақты тарихи-әдеби шағырмалар негізінде 
Абылай ханның дүниеге келуі, оның ата-тегі мен алғашқы ерлігі нәтижесінде 
Абылай атын иеленуі туралы әңгімеден бастайды. Одан әрі өткен сабақтардағы 


18
матариларды оқушылардың есіне сала отырып, осы кезеңдегі Қазақ 
хандығының ішкі-сыртқы саясатындағы күрделі жағдайдың Абылайдың 
қайраткер ретінде қалыптасуына қалай әсер еткендігін түсіндіруі керек. 
Білімді бағалау мүмкіндіктері. Арнайы ойын түрінде оқушыларды топтарға 
бөліп, әр топ мүшелеріне бүгінгі сабақта талқыланған мәселенің айтарлықтай 
маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын 
үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте 
ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі 
бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы 
бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра 
алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі 
топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар 
басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет