24
орналасуы мен пішінінің өзгеруі; 2) патологиялық ошақтың
орналасуына байланысты қарынша
саңылауларына жергілікті
таралуы; 3) жұлын-ми сұйықтығы жүйесінің ауамен толық немесе
жартылай толмауы. Бұл белгілер ісіктің бар екендігімен және
орналасуымен қатар, оларды қабыну үрдістерінен ажыратуга
мүмкіндік береді.
Мидың үлкен жарты шарларының
барлық ісіктерінің
пневмографияда жалпы тікелей белгісі қарынша жүйесінінің жаңа
түзіліске қарама - қарсы жаққа қарай ығысуы болып табылады. III
қарыншаның мөлдір пердесінің орналасуына көп көңіл бөлу қажет.
Бассүйегінің артқы шұңқырының ісіктерінде бүйір және III
қарыншаларының
ығысуынсыз,
біркелкі
гидроцефалия
анықталады.
Бассүйек қуысындағы сему, бірікпелік және тыртықтану
үрдістерінің
пневмографиялық
диагностикасы.
Пневмо-
граммада келесі белгілер жиі анықталады: 1) бүйір және III
қарыншалардың аздаған немесе едәуір кеңеюімен дамитын жалпы,
ішкі, ашық
гидроцефалия; 2) ми ұлпасының тыртықтанып өзгерген
орнында бүйір қарыншалардың кейбір бөліктерінің кеңеюімен
байланысты
асимметриялы
ішкі
гидроцефалия;
3)
субарахноидальды кеңістік өлшемінің бірден ұлғаюымен, ми жарты
шарлары үстіне ауа жиналуымен көрінетін сыртқы гидроцефалия;
4) субарахноидальды кеңістіктің толық немесе жартылай
босауымен көрінетін қабықтардағы жабысу өзгерістері [21].
Егер пневмографияда көлемді патологиялық үрдіс (ісік,
іріңдік) немесе окклюзия табылып,
операцияға көрсеткіш
туындаса, онда ол кейінге қалмай пневмографиядан кейін бір
сағаттың ішінде жасалуы қажет. Олай болмаған жағдайда, көбінесе
бірнеше сағаттан кейін,
қарыншалардың эпендимасының
тітіркенуінен, жұлын-ми сұйықтығының гиперсекрециясынан,
мидың ісінуі мен дислокациясының күшеюінен науқастың
жағдайы нашарлайды. Сондықтан, пневмографиядан кейін науқас
келісім берген жағдайда операция жасалынады. Сему мен бүрісу
үрдістері
анықталғанда, операцияны бірден емес, мидың
пневмографияға реакциясы басылғаннан кейін, 12-16 күн өткеннен
соң жасау қажет.