Казахстан


кейін  бірден  айқындалып, жоғарылай түседі. Субарахноидальды қан құйылуда



Pdf көрінісі
бет25/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

 
кейін 
бірден 
айқындалып, жоғарылай түседі. Субарахноидальды қан құйылуда
 
алғашқы аптада дене қызуы субфебрильді немесе 38-39 градусқа
 
жетеді де, кейін қалпына келе бастайды. Қанда лейкоцитоз болады.
 
Жұлын-ми сұйықтығында
 
қанның
 
болуы субарахноидальды қан 
құйылудың
 
соңғы диагнозы болып табылады. Субарахноидальды 
қан құйылу болжамы
 
болган кезде люмбалды пункция жасалады, 
ол клиникалық
 
көрінісінде мидың дислокация белгісі болса 
жасалынбайды. 
Мидың соғылуы (contusion cerebri) ми ұлпаларының жарақат 
көрінісін сипаттайды. Мида контузиялық ошақтың 3 түрлі 
орналасуы анықталады:


45 
1. Үлкен жарты шарларда; 
2. Ми бағанында;
3. Контузиялы ошақтың үлкен жарты шарларында, мишықта, 
ми бағанында кездесуі.
Зақымданған ошақтың мөлшеріне байланысты мидың 
соғылуын жеңіл, орташа, ауыр түрге бөледі. Бас ми жабық 
жарақаты кезінде контузиялық ошақтар, сары дақтар немесе 
шектелген геморрагиялық белгілер ретінде мидың беткейлік 
бөлігінде кездеседі. Субпиалды қан құйылулар контузиялық 
ошақтан тарала қоймайды. Микроскопиялық бұл ошақтар 
зақымдалған жүйке жасушалары мен ісінген перифокалды 
геморрагиялық аймақтан тұрады. Орталық бөліктерінде жүйке 
жасушалары мен глиалық элементтердің толық бұзылуы болады, 
басқа бөліктерінде жасушалық элементтердің әр түрлі дәрежедегі 
деструкциясы байқалады. Шеткері жағынан астроциттер мен 
микрогиалды жасушалардың ұлғаюы байқалады. Тамырдан тыс 
болған қан құйылу ошақтары, қан тамырлар қабырғаларының 
жарылуы мен диапедез нәтижесінде болған көрініс болып 
табылады. 
Ми ұлпаларының мыжылуы зақымданудың ауыр түрі болып 
саналады. Бұл жұмсақ қабықшаларының жарақаттануымен, ми 
детритінің беткейлі бөлімге шығуымеи қан тамырларының 
жарылуы және қанның субарахноидальды кеңістікке ағуымен 
сипатталады. Осының нәтижесінде гематомалар пайда болып, ми 
қабықшасының мыжылып деформациялануына әкеліп соғады. Көп 
жағдайларда мидың соғылуы, мыжылуы соққы тиген аймақта 
болады. Мыжылуың орналасқан жері соққының қарама-қарсы 
бағытында, яғни маңдай және самай аймақтарының базалды 
бөліктерінде болады. Мидың мыжылу ошақтары беткейлік бөлімде 
және терең бөліктерде кездеседі. 
Ашық және жабық бас ми жарақаты кезінде алғашқы 
патофизиологиялық және клиникалық көріністердің маңызы зор. 
Ми ұлпаларының зақымдалуына болжамдық көзқараспен 
қарағанда 2 факторға мән берген жөн: 
1. Жабық бас ми жарақаты кезінде мидың соғылуы 
нәтижесінде жұмсақ глиалық ми тыртықтары мен ми және 


46 
қабықша тыртығының бірігіп өсіп кету көріністері, эпилепсиялық 
синдромның дамуына жағдай жасайды. Ірі емес контузиялық 
жұмсақ қабықшалар 2-3 апта ішінде тыртықтанады. Мидың 
жұмсарған геморрагиялық ошақтары резидуалды күйде беткей 
бөлікте орналасқан ұлпаларға айналады. Ұлпалардың ішінде қою 
қоңыр түсті масса болады, сыртқы қабығы коллаген және тығыз 
глиалық талшықтардан құралған. 
2. Ұлы Отан соғысы кезінде мидың оқпен жарақаттануы, 
инфекцияға жиі шалдыққан, соның салдарынан қысқа уақыт ішінде 
коллагенді ми қыртысы тыртығы түзілген. Бұл тыртыққа ми 
ұлпасы, сүйек, бассүйегінің жұмсақ қабаты кіреді. Бұл кейіннен 
эпилепсия пайда болуына себепкер болады. 
Ми бағанасында сыртқы жағынан да және паравентрикулалық 
жағынан контузиялық ошақтар кездеседі. Бұл ошақтар 1/3 
жағдайда бассүйек жарақатына қарағанда көбірек кездесіп өліммен 
аяқталады. 
Клиникасы: Жабық жарақат кезінде соққының әсерінен 
болған соғылудың белгілері, онша айқан емес және қайтымды 
болады. Егер мидың шайқалуы, соғылуы және мидың қысылуы 
белгілері мен синдромдары кеткенде оларды бірінен бірін 
ажыратудың клиникалық маңызы зор. Мидың шайқалуының жеңіл 
дәрежесінің белгілері жарақаттан кейін біраз күндерден соң 
жоғалса, соғылу кезінде жарақаттанудан 2-3 күннен кейін үдей 
түседі. Ми соғылуының симптоматикасы мен динамикасы 
зақымдану түрімен, перифокалды көріністермен, қан және 
жұлын-ми сұйықтығы айналымдағы өгерістермен сипатталады. 
Маңдай бөлігінің зақымдануы кезінде психопатологиялық 
симптоматиканың неврологиялық көріністері белгі алады. Естен 
айырылу белгісі – психомоторлы қозу, естің ауысуы, агрессия, 
эйфориямен ауысады. Аурудың алғашқы сатысында клиникалық 
көрінісінде, әлсіздік, аспонтандық, психологиялық көріністер 
басым болады. Бассүйегінің маңдай бөлігі сынғанда гипосмия және 
аносмия түрінде, бір ғана немесе екі бағана бойында сезу 
қасиеттері 
бұзылады. 
Премоторлы 
аймақ 
зақымдалғанда 
моторикалық интеграция бұзылады. Айқын пирамидтік гемипарез 
және гемиплегия кезінде тонус бұзылады. Көп жағдайларда 


47 
қозғалу өзгерістері аяқ-қолдарда шектеліп регреске бейім келеді. 
Фокалды эпилепсиялық ұстамаларда, әсіресе Джексондық типінде, 
мидың соғылуының әсерінен соғылудың жедел сатысында 
кездеседі және онда гематомалар болады, оларды алып тастау 
керек. Жарақаттың кеш кезеңінде бұл ұстамалар жиі кездеседі. 
Қысылған жабық бассүйек жарақаты салдарынан аяқтың 
қозғалу, сезілу сезімдері бұзылады. Самай бөлігінің зақым- 
дануында диэнцефалды симптоматика көрініс алады. Сол жақ 
самай бөлігінің зақымдануы нәтижесінде амнестикалық және 
сенсорлық афазия негізгі орын алады. Самай төбе ауыр жарақаты 
әсерінен афагикалық, агностикалық, апратикалық синдромдар 
айқын синатталады. Мидың базальды бөліктерінің қысылуының 
клиникалық көрінісі: ұзақ уақытқа дейін естен тану, ауыр 
нейровегативті синдромдар, тыныс алудың, жүрек-қан тамырлар, 
терморегуляция, 
гуморалды 
және эндокринді 
жүйелерде 
өзгерістердің болуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет