39
шұңқыры ісігін алғанда ми қабығын тігу қате болып саналады,
себебі декомпрессиялық әсері бірден азаяды.
Мидың қаты қабығын тігу мына жағдайларда ғана болады:
патологиялық үрдістен операцияга дейін бассүйек ішінің қысымы
көтерілмесе және операциядан кейін мишықта ісіктің пайда болуы
қауіпі болмағанда.
Артқы бассүйек шұңқырын бүйірінен, тігінен ашу әдісі.
1941 ж. Адсон көпір-мишық бұрышының ісігін алу үшін тікелей
кесуді ұсынды. Бұл орталық жазықтықтан 3 см
шетке қарай
вертикалды бағытта жүргізілген. Кесу жоғарғы айқын сызықтан 2
см жоғары бастап, ірі қарай мойыннан аздап қиғаш латеральді
сызықпен
жалғасып, трапеция тәріздес және кеуде-бұғана-емізік
тәріздес бұлшықеттер арасында аяқталады. Теріні, тері асты шел
майын және сүйек
қабын тілгеннен кейін, шүйде артериясы мен
қан тамырлардан қан тоқтатқаннан кейін шүйде сүйекті бұлшықет
пен сүйек қабы ретракциясы көмегімен жалаңаштайды. Одан кейін
сүйектің қабыршағын ортаңғы сызыққа дейін толық бір жақты
алып, мишықтың жарты шарынан 4-5 см
көлемде сопақша тесік
салумен шектеледі. Операцияны кетгут жібімен жылжыған
бұлшықет қабатын қосып түйінді жібек жіптерін апоневроз бен
теріге салумен аяқтайды. Бүл әдіс есту жүйкесінің
ісігін алу
отасында кең таралған.
Көпір-мишық бұрышына жету мақсатында латеральді кесудің
орнына бір жақты ілмек тәріздес кесу жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: