33
Сурет 5.
МРТ-ның миелографиялық режиміндегі жұлын
ақауы
Нейрохирургиялық операциялардың негіздері, олардың
түрлері техникасы.
Н.Н. Бурденко нейрохирургиялық операция-
лардың орындалуының негізгі шарттарын құрғанына 50 жылдай
уақыт өтті, мұнда келесідей талаптар қойылған: анатомиялық
жақсы ену, физиологиялық және техникалық мүмкіндіктер.
Нейрохирургиялық тәжірибеде осы талаптардың орындалуы, ең
бірінші диагностиканың жақсаруы, анестезиологиямен реанима-
цияның, микро және криохирургия мен стереотаксикалық
әдістердің операциялық іс-әрекеттердің дамуы соңғы он жылда
шексіз өсті.
Барлық қолайлы жағдайларда операция радикальді жүргізілуі
керек, демек аурудың негізгі себебі анықталуы керек (ми ісігін
тоталды алу, артериялық немесе артериовеналық аневризмалар,
бассүйек ішілік гематома, т.б.). Кейбір жағдайларда патологиялық
ошақты алмай қоюға болады және осындай операцияны радикалъді
операцияға жатқызады.
34
Жиірек, әсіресе инфильтрациялық ми ішілік ісікті толығымен
алу қиынға соғады немесе ішкі және ісік маңы араларын шаюға
ғана болады. Осыдан кейін науқастың жағдайы ұзақ уақытқа
(бірнеше айға, жылға созылады) жақсарады, бірақ әрі қарай ісіктің
өсуінің жалғасуы байқалады.
Кейбір жағдайларда, сонымен қатар қатерсіз мидан тыс
орналасқан ісіктерде субтоталды ғана алынуы тиіс. Осы тактика
мына жағдайларда ғана дұрыс болады, операцияға дейінгі кезеңде
немесе операция кезінде ісіктің өсіп келе жатқаны анықталса,
техникалық себептерден алуға мүмкіндік болмаған жағдайларда.
Егер, мысалы, негізгі сүйек қанаттарының ішкі бөлігінің
параселлярлы менингеомасы үңгірлі қуыста өссе, бассүйек
жүйкелерін қоршап өсіп және ішкі ұйқы артериясының ішкі үңгірі
бөлігінің қабырғасына өссе радикальді операциялық іс-қимылға
ұмтылуға болмайды, себебі көбіне өліммен аяқталады. Егерде осы
ісік көрсетілген құрылымдарда ғана жабысып орналасса, ол
тотальді түрде ғана алынады.
Паллиативтік операция – бұл егер патологиялық ошақты алып
тастау, мүмкін болмаған жағдайда, тек науқастың жағдайын
жақсарту үшін көрсетілетін операциялық іс-әрекет. Бұл операцияға
иноперабельді миішілік ісігінің декомирессиялық трепанациясы
жатады. Бұл кезде ісіктің өзін алып тастай алмаған жағдайда
окклюзиялық гидроцефалия тудыратын және қарынша жүйесінен
ағып шығуын тежейтін жұлын-ми сұйықтығы айналымының
қалыптасуы болады.
Хирургиялық іс-әрекет келесі операцияға қосымша акт
ретінде жиі орындалады; мысалы, вентрикулография үшін
қарыншалық пункция немесе окклюзиялық гидроцефалия кезінде
қарынша жүйесінің жеңілдетілуі.
Операцияның орындалу мерзіміне байланысты жедел,
жеделдеу (бірнеше күннің ішінде) және жоспарлы түрде орындау
болып бөлінеді.
Операция наркозбен жасалады, жергілікті жансыздандырумен
сирек жүргізіледі. Ерекше жағдайларда (мысалы, үлкен қан
кететіндей үлкен парасагиталъді немесе базальді менингеоманы
алған кезде) миға операция жасаған кезде, аз қан кететін жасанды
35
артериялық гипотония әдісін қолданады. Кейде (мысалы, мидың
апоневрозы мен ангиомасында) миға операциялық жарақат аз
болдыратын гипотермия қолданады. Бұнда ми ісігі мен домбығуы
шектеулі келеді және ми бағанасына аз жайылады, ишемиямен
оттегінің жеткіліксіздігіне орталық жүйке жүйесінің төзімділігі
артады, вегетативтік жүйке жүйесінің бірқалыпты болғандығынан
операция
кезінде
көп
тітіркендіргендіктен
симиатико-
адреналиндік жүйесінің "хаотикалық жағдайын" шақырады.
Мидың ісігін қайтару мақсатында операция алдында
дегидратациялық заттарды жиі қолданады. Мочевина мен
моннитолдың гипертониялық ерітіндісін көктамыр ішіне беру кең
таралған. Бұлар, дегидратациялайтын әсері болғандықтан, көлемі
кішірейіп және терең жатқан бассүйек негізі мен мидың
бөліктеріне оңай жеңіл жету үшін көмегін тигізеді.
Күндізгі жарық пен операциялық шамның қарапайым
конструкциясы қолданылады, сонымен қатар маңдай шамын, ал
терең орналасқан бөліктерді кішкентай электр шамы бар жіңішке
өзекшелер қолданады.
Гемостазды 1927 ж. Кушинг нейрохирургиялық практикага
қан тамырларының жоғары жиілікті коагуляциясының көмегімен,
қан тамырларын метал қоспаларымен (клипсалар) қысу, дәкелі
турундалармен уақытша тампонада қою, сұйықтықта тез ісінетін
фибрин трубкаларының тілімдері арқылы жүзеге асыруды ұсынды.
Операция алаңы қаннан айқын көріну керек. Қан мен ликворды
алып тастау үшін электрлік сорғыш аппараттары қолданылады.
Декомрессиялық трепанацияның мақсаты: бассүйек іші
қысымын тұрақты төмендету. Онда миға жасалган трепанациялық
саңылаудан шығады да және бассүйек ішінің ми үстінде тігілген
жұмсақ тіндерін біртіндеп созады. Бірақ, көптеген жағдайда
бассүйек іші қысымын жоғарылатудың себебі жойылмаса,
декомпрессиялық трепанацияның әсері жеткіліксіз болады.
Декомпрессиялық трепанация бассүйегінің әр түрлі жерінде
жасалуы мүмкін. Кушинг (1905) ұсынған самай асты
декомпрессиясы ең дұрыс косметикалық және қызметтік нәтиже
береді, онда ми пролапсы самай астында болады.
Осы күні субтемпоралдық декомпрессия радикалдық отаға
көбірек ауысқаннан кейін аз қолданыла бастады.
36
Теріде, тері асты қабатында galea aponevrotica-мен бірге
сызықтық немесе таға тәрізді кесінді жасайды. Тура немесе доға
тәрізді тіледі де оны шықшыт доғасының жоғарғы шетінің
ортасынан бастап, қиғаш бағытпен және артқа төбе сүйектерінің
денесіне жеткізеді.
Тері, тері асты қабаты және galea aponevrotica таға тәрізді
кесіндісінде жартылай сызығына сәйкес одан самай еті басталады,
тері қиындысын, байланыс бөлігін төмен шықшыт доғасы
аймағына орналастырады. Тері апоневроздық қиындыны самай
сіңірінен бөлгеннен кейін оны төмен түсіреді.
Операцияның келесі кезеңдері теріні кесудің екі түрінде
былай жүзеге асады. Самай етінің фасциясын, бұлшық еттің өзінің
талшықтары бойымен қиғаш бағытта жараның артқы жоғарғы
бұрышынан алдыңғы төменгі бұрышына дейін тіледі. Распатор
көмегімен сүйекті барлық самай шұңқыры аймағының еттің
бекітілетін жеріне дейін ашады. Фасциялар мен еттің шеттерін
күшпен жан-жаққа тартқылайды – оны өткір ілмектері бар Адсон
жара кеңейткіш көмегімен жасайды да, сүйекті бірталай жерінен
жалаңаштайды. Фрезалық саңылаулар жасап, сүйек дефектісін
тістегішпен кеңейту арқылы диаметрі 5-6 см және 8-10 см
дөңгелете саңылау жасайды. Саңылау ми негізі және бассүйегінің
төбе-самай еті астынан оның сүйекке бекітілген жеріне дейін
жасалады. Ми қатты қабығын крест түрінде кеседі, оған қосымша
үлкен декомпрессия немесе таға тәрізді қиынды түрінде кеседі.
Осы кезде жара шықан миды зақымдауға болмайды.
Декомпрессия
біткеннен
кейін
ми
қатты
қабығы
қиындыларын жай, тігінсіз, ми қыртысына қояды. Субарахноидтық
кеңестіктің бүтіндігі сан фасциясының қиындысы көмегімен
аутопластика арқылы жасалынады. Жұмсақ тіндердің үш қабаты
мұқият тігіледі, түйінде тігістер самай етіне, оның фасциясына
және терімен galea aponevrotica -ға жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |