60
Кейбір кезде алдыңғы және
артқы орталық қабықшаның
артериясы тармақтарының проекциясында екі дорзалдык тесік
жасайды, еғер де зақымдалған жер анықталмаса тесіктерді бастың
екі жағынан салады. Эпидуралық гематома табылған кезде
дорзалды тесік арқылы қабықпен
немесе сорғышпен көбін алып
тастауға тырысу керек.
Содан кейін науқастың хал жағдайы жоғарыласа, онда сүйекті
пластикалық трепанация жасауға мүмкіншілік болады. Қатты
қабықшаны жақсылап ашқаннан кейін 4-5 минутқа үстіне
тампондар салады. Кішкентай тамырлардан қанның ағуы тиылады,
зақымдалған артериялық сабақшасы көрінеді. Оның қан ағып
тұрған аймағын тігіп, не болмаса клипса салып тоқтатады. Сүйек
сынған болса, сүйектің өзекшесіне
өтетін жерде артериядан қан
ағып тұрады ма, жоқ па соны байқайды, қан ағып тұрса балауызбен
бітейді. Гематоманы алғаннан соң және қан ағуды тоқтатқаннан
соң, сүйектің қиығын орнына салады.
Эпидуралық гематоманы науқастың халі қандай жағдайда
болса да,
алып тастау керек, себебі өте жиі уақытга жасырын
шығуы мүмкін.
Сирек жағдайларда әдеттегі жүйеде сутегінің қабыршағының
жарылуы болғанда, мишықтың
жарты шарының аймағында
эпидуралық гематома дамиды. Бұл кезде мишықтың және
бағананың артқы бассүйек шұңқырының деңгейінде де басылудың
клиникалық көрінісі және үлкен шүйде шұңқырына бадамшаның
қысылуының клиникалық көрінісі пайда болады. Бұл жағдайларда,
мишықтың жарты шары үстінен жедел түрде
диагностикалық
фрезалық тесік жасалуы көрсетілген, ал гематома табылған
жағдайда - бұл тесікті кеңейтіп және оны жою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: