Казахстан


Омыртқаның жабық жарақаты кезіндегі жұлында



Pdf көрінісі
бет36/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Омыртқаның жабық жарақаты кезіндегі жұлында 
болатын морфологиялық өзгерістер.
Бұл әр түрлі дәрежеде 
көрінуі мүмкін микроскопиялық әдіспен көргенде қысылуда, 


83 
езілуде анатомиялық үзілістің әрбір сынықтың және шығудың 
деңгейіне сай келеді. Мидың ісінуі соншалық, тіпті барлық 
дурдалдық каналдың қуысына ми толып қалады. Жұлын 
зақымдалуының клиникалық белгісі бар омыртқаның жабық 
жарақатын паталогоанатомиялық тексергенде мыналар табылады: 
а) хроматолиз тәрізді нейрон құрылысының зақымдалуы (мұны 
жұлын шоғының морфологиялық көрінісі деп бағалайды), некроз 
ошақтары және жұмсару, аксондардың ісінуі, миелинді қабықша- 
ның дегенерациясы; б) ұсақ нүктелі орталық гематомиелин, кейде 
интра- және экстрадуралдық геморрагиялар; в) жұлынның ісінуі; г) 
мүйізшелерінің зақымдануы. 
Жүйке жасушаларының молекулалық құрылысының тікелей 
зақымдануы, қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы және оттегі 
жетіспеушілігі әсерінен жұлын ұлпасының және тамырларының 
зақымдануы, олардың перифокалды ісінуі болады. Сөйтіп 
жұлын-ми сұйықтығы айналымы бұзылады. Жұлында бірінші және 
екінші реттік невроздар, олардың жұмсаруы, қан тамырларының 
және жасушалық және өткізгіштік құрылыстың дегенерациялық 
өзгерістері болуы мүмкін. Тыртықтану үрдісі және сонымен қатар 
қабықшада жұлын-ми сұйықтығы айналымының бұзылуымен 
болатын патологиялық өзгерістердің клиникасы әр түрлі 
синдромдармен білінеді. 


84 
Сурет 12. Жұлынның зақымдалуымен омыртқаның кеуде 
бөлімінің шығып сынуы 
 
Омыртқа 
зақымдануы 
кезіндегі 
неврологиялық 
синдромдар.
Жұлын қызметі сақталған омыртқаның сынықтары
оның қызметінің бұзылған сынықтарына қарағанда жиірек 
кездеседі. Бұлар өмір үшін қауіпті емес, егер емін дұрыс жүргізсе 
толық жазылып кетеді. Жұлын қызметінің бұзылуымен болатын 
омыртқа сынықтарының соңы қолайсыз. Омыртқаның қандай 
жарақаты болмасын, тіпті егер де омыртқа сынығы немесе оның 
шығуы рентген суретте анықталмаса да, жұлынның зақымдануы- 
ның барлық дәрежелері болуы мүмкін, яғни ең жеңіл түрінен 
көлденең зақымдануының қайтымсыз синдромына дейін. 
Омыртқаның ығысу дәрежесімен ми зақымдануының арасында бір 
заңдылықты анықтай алмағанмен; мысалы, омыртқаның ығысуы 


85 
анық болып, ал каналының қысылуы шамалы болса, жұлынның 
қайтымсыз зақымдалуы соншама жоғары болады. Ал омыртқаның 
ығысуы шамалы ғана болып немесе тіпті болмаса онда 
жоғарыдағыға қарағанда онша ауыр болмайды. 
Омыртқа зақымдануының асқынған түріндегі жұлынның 
толық көлденең зақымдану синдромы жиі, шамамен зардап 
шеккендердің 50% кездеседі. Жұлын жарақаттанғанда мынандай 
синдромдар болады: шайқалу, соғылу және езілу. 
"Жұлынның шайқалуы (commotio spinalis) деп, ми 
құрылысында көрінетін зақымданулар жоқ кезіндегі олардың 
қызметінің бұзылуының қайта қалпына келуін айтады. 
Шайқалудың жеңіл формасында белгілердің қайта қалпына келуі 
мүмкін, жарақаттан кейін бірнеше сағат ішінде болады. Ал ауыр 
түрінде бірнеше күн немесе бірнеше аптада (айға дейін) қайтадан 
қалпына келуі мүмкін. 
"Жұлынның соғылуы" (commotio spinalis) деп, ұлпа 
зақымдалуы және оның соғылуы деп түсіндіріледі. Мұндай 
жағдайда аурудың соңғы кезендерінде ми қызметінің бұзылуының 
қалдықтары жиі байқалады. 
Клиникалық практикада жарақаттың алғашқы кезеңінде 
қозғалыс, сезгіштік және рефлекстік қызметтерінің кенеттен күрт 
төмендеуі болады. Бұл "жұлын шогы" деп аталады. Бұл кезеңнің 
ұзақтығы неврологиялық симптоматиканың қайтымдылығына 
байланысты бірнеше аптадан бірнеше айға дейін жетуі мүмкін. 
Жұлынның соғылуы көбінесе шоктың болуына әкеледі. Ол 
кезде жұлынның зақымдануының шынайы көрінісі білінбейді, тек 
ол мидың соғылуы мен езілуінің салдарынан шок кезінде тұрақты 
белгілер сақталуы мүмкін. 
Көп жағдайларда жұлын зақымдалуы кезінде белгілер тез 
арада білінеді, бұл омыртқа каналының зақымданған деңгейде 
конфигурациясының (пішінінің) кенеттен өзгеруін білдіреді. Ұзақ 
уақытты приапизм және ерте трофикалық бұзылыстар ми 
зақымдануының қайтымсыз екенін білдіреді. Егер де толық 
көлденең зақымданудың клиникалық белгілері 2-28 сағат ішінде аз 
ғана болса да қызметінің қалпына келу белгілері білінбесе, онда 
үрдістің қайтымсыз және ақыры қолайсыз жағдаймен аяқталады. 


86 
Омыртқаның зақымдануы кезінде жұлын зақымдануының 
клиникалық белгілері аурудың әр түрлі фазасын білдіреді. 
Бастапқыда жұлын шогының белгілері кенеттен пайда болган 
параплегия, сезу қабілетінің төмендеуі, зақымданған жердің 
төменгі жағының арефлексия, несеп бөлу мен нәжістің тоқталуы, 
ириапизм және зақымдашан жердің төменгі аймағында тер 
бөлінбеуі. Содан кейін жұлында рефлекстік белсенділік артады. 
Бұл спастика белгілерімен және бөгілу спазмдары ретінде 
байқалады. Рефлекстік белсеңділіктің қалпына келуі зақымданған 
жердің төменгі жағынан бастап жоғары көтеріледі. Бірақ та 
уриногендік сепсистің ауыр түрі, бронхопневмония немесе улану 
және жауырлану пайда болса, рефлекстік белсенділік қайтадан 
әлсіз параплегия және арефлексияға ауысады. Бұл жұлын шоғының 
кезеңіне ұқсас болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет