Казахстан


бағыты және сынық аймақта ми  зақымдылуы кездеспей хирург ем қолданбайды



Pdf көрінісі
бет32/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

 
бағыты және сынық аймақта ми 
зақымдылуы кездеспей хирург ем қолданбайды,
 
сызықты сынық 
бірнеше аптадан кейін фиброзды ұлпамен толады, ол кейін
 
сүйек 
ұлпаға айналады. Консервативтік емге бассүйегінің жарықтары
 
және оның
 
негізінің жолдары кіреді. Бас төбесінің жарықтарында 
ота
 
мынадай жағдайда жасалынады: рентген суретінде 
бассүйегінің ішкі
 
пластинканың сынығын тапқанда және сол 
сынықтар төбе сүйеғінің бетінде
 
1 см тереңдіктен жоғары шығып 
тұрса, бұл жағдайда мидың қатты
 
қабықтың ұлпасында болатын 
реактивті өзгерісті байқайды. Оның әсері эпилепсияға
 
әкеледі. Осы 
жерден сүйек қалдықтарын абайлап алуға назар аудару
 
керек. Тәж 
тәрізді кесуді қолданған жөн. Бұл аспаппен белгілі бір сүйек 
бөлігін
 
аралайды. Ішкі сүйек пластинкаларының қалдығын 
қысқыштармен алады, ал
 
аралаған сүйек бөлігін орнына қояды. 
Шетке қарай ығысқан ішкі
 
сүйек пластинкасының қалдықтарын 
қисық пинцетпен алуға болады. Себебі, бассүйектің
 
талшық 
ұлпаларында ірі артериялық қан тамырлары өтеді. 
Операциялық кірісудің кезеңдері: 
1. Бассүйек сынықтары кезінде сынықтардың қалдықтары 
алынған болса, онда қатты ми қабықшаны көріп болғанан соң, сол 
қалдықтардың сызығы бойынша орнына қояды. Мүмкіндігінше, 
оларды тігіс арқылы бекітеді. Кейде бұл тігістерден сүйек 
қалдықтарын мидың қатты қабықшасының арасынан және бастың 
жұмсақ тігістерінің үстінен оңай табуға болады. Асептикалық 
жағдайларда қан айналымынан айырылған сүйек қалдықтары жәй 
ғана фиброзды тігінмен жабылады. Сүйек жарасы сәл ғана 
ластанса, бұл әдістер жарамсыз болады және қалған сүйек 
қалдықтарын алып тастайды. Алынбаған сүйек қалдықтарында 
инфекция болса, онда күшті және біріккен антибиотиктік ем 
жарамсыз, бірнеше аптадан кейін жазылу орнынан остеомиелиттің 
көзі ашылады. 
Инфекцияның бар екеніне күмәнданса, бірден бірнеше реттік 
жараны залалсыздандыру жасалады, содан соң 1-1,5 ай шамасында 
краниопластика жасалады. 


71 
2. Сүйек қалдықтары зақымданбаған сүйектермен берік 
болған жағдайда, сүйек жыртығын, зақымдалған ошақты ортаға 
алады. Мидың қатты қабықшасы мидың залалсыздандырған ішкі 
бетіндегі сүйек деформациясын жөндеуге кіріседі. Содан соң 
орнына жатқызу арқылы тігістермен бекітеді. 
3. Қалған жағдайда майысып сынған, бөлшектеніп сынған 
сынықтар және бассүйектің интрабазалды бөлшектерінің 
операциясында майысқан сынықтардың сүйектерін және 
гематомаларын тазалап алу, олардың ұлпасын өңдеу, ми д етритін 
алу, қанның ұйымасын және ми жарақатының бөгде затын алып 
тастау болып есептеледі. Гемостаздан кейін тінді және мидың 
қатты қабықшасы ақырын табыла бастайды және мүмкіншілік 
болса бірінші реттік краниопластикасын жасайды. 
Қатты ми қабықшасының пластикасына бастың апоневрозды 
немесе аяқтың жалпақ фасциясын аутотрансплантат ретінде 
қолданады: аллотрансплантаттар, аллопластикалық заттар (ылғал- 
ды өткізбейтін пенополивинилформаль, полиэтилен, лавсан, орлон, 
тефлон және т.б.). Осы қатты ми қабықшасының ақауларын жәй 
жіппен немесе әр түрлі цианокрилатты заттармен бекітеді. 
Трепанацияның ақаулары бар кезде бассүйектің төбе сүйектерінің 
регенерациясына сенуге болмайды. Бассүйек ақауларының 
пластикасына көп түрлі материалдар ұсынған. Акрилды 
пластинкасының тобы аллопластикалық әдістерде көп қолданыла- 
ды. Оларға (тез қататын пластмасса – стиракрил, органикалық 
шыны – плексиглас және т.б.) және металдар (тантал және т.б.). Бұл 
операцияларда сүйек ақауының шетінен бұрғымен бұрғылап тесіп, 
тура өзінің пішініне келтіреді, сөйтіп қалыңдығы 0,2-0,3 см 
шамасында бассүйек контуфы және ақауына байланысты 
аллопласткалы пластинкасын модельдейді. Мөлдір органикалық 
шыны пластинканы жұмсарту үшін, оны қайнап тұрған 
изотониялық ерітіндіге салады. Малынған оңай шыны қырқылып 
және бассүйек ақауына ылайықты етіп майыстырады. 
Қазіргі кезде аутотрансплантаттарды қолданбайды, себебі 
салынған сүйек сорылады және бассүйек ақауларын табу 
қиындайды. Мұздатылған немесе лиофилизирленген сүйек 
гомотрансплантаттарын көп қолдана бермейді. 


72 
Пластика тыртық конгломераттың және кеш пайда болатын 
эпилепсияның алдын-алуы. Бассүйегінің негізінің сынықтары. Бұл 
топтарды екіге бөлуге болады – бірінші бассүйектердің негізі мен 
төбесінің бірігіп сынуы, екінші бассүйек негізінің сынықтары 
орталық бассүйек шұңқырында шектеледі. Екінші орында алдыңғы 
бассүйегінің сынықтары және үшінші орында артқы бассүйегінің 
шұңқыры. Науқастардың бассүйегі негізі сынғанда ауруханаға 
ауыр жағдайда түседі. Рентгенологиялық диагнозы тура 
болғанымен емі жедел кезеңдегідей болады. Бассүйек негізінің 
сынықтарының клиникасы бас ми жарақаттарының ауырлығына 
және сынықтың шектелгеніне байланысты, сонымен бірге 
белгілерінің жиналуларынан ми зақымының ауыр немесе орташа 
дәрежесі және ми шайқалуының болуын және ашық ми төбенің 
зақымы негізіндегі жүйкелердің зақымы ликвореясы және құлақ, 
мұрынның қанауынан байқалады. Сонымен бұл патологиялық 
процеске мидың базалды және төбінің бөліктері кіреді. Мидың 
базалды-диэнцефалды бөлігінің ауыр жарақатында немесе 
науқастар көп ұзамай бірнеше күннен соң өледі, ал басқа бассүйек 
негізінің сынықтарында науқастардың жағдайы орташа дәрежеде 
болады. 
Сыртқы құлақ саңылауының қанауы пирамиданың сынуынан 
және дабыл жарғағының жыртылуынан шығады. Ең басты 
дәрежені мұрыннан қан кетуді айтады, бұл жердің жұмсақ 
ұлпаларынан және бассүйек зақымдалуынан және сынықтардың 
мұрын қуысының туындылары аймағында орналасуын көрсетеді. 
Осының әсерінен коньюнктиваға және көз айналасы шел майына 
жайылмалы түрде қан құйылуын жатқызады (көзілдірік белгісі). 
Мұрыннан және құлақтан шыққан жұлын-ми сұйықтығы 
бассүйек негізінің сынғанын және қатты ми қабықшасының 
жыртылғанының басты себебінде. Құлақтан аққан жұлын-ми 
сұйықтығы аурудың жедел кезеңінде тоқтайды, ал созылмалы 
дәрежедегі қан кету каупі кездеспейді, бірақ операциялық кірісуді 
талап етеді. Себебі, осының әсерінен менингит инфекциясы 
қайталануы мүмкін. Бассүйек негізінің жарықтары, бас ми 
жүйкелерінің функцияларының қайтымды және қайтымсыз 
зақымдарға әкеледі. Белгілі бір тесіктерден шыққан жүйкелер, сол 


73 
жерден ұрылуы, қысылу, жырғылу, үзілу сияқты жарақаттарға 
ұшырайды. Бассүйек негізі сынықтарының емі шайқалуының 
орташа немесе ауыр формаларының емдеулерімен бірдей. 
Бассүйегінің парабазальды бөлігінің бөлшекті және майыса кіріп 
сынған жарақаттарына хирургиялық ем қолданады. Операцияда 
зақымдалған сүйек бөлімдерін ашу және сүйек бөлшектерінен 
тазарту, мұрын қуысының зақымдалған жерінен шырышты 
қабықты қырып алу және қатты ми қабықшасының жарақатталған 
жерін тігу. 
Бұл мұрын қуысынан жұлын-ми сұйықтығы кеңістікке 
инфекцияны өткізуіне, әлде кедергі болуы мүмкін. Мұрыннан 
немесе құлақтан аққан жұлын-ми сұйықтығын табу үшін кейбір 
нейрохирургтар бірнеше күн басқалары бір аптадан көп, 
үшіншілері мүлдем ұзақ уақыт күтеді, содан соң жыланкөзді 
хирургиялық әдіспен субарахноидальдық кеңістікті гермитизация- 
лайды. Маңдай қуысының артқы жарақатында да ауа бассүйек 
қуысына кіріп, кейде эпидуралдық немесе мидың қатты 
қабықшасының ақауында субарахноидальды кеңістікте, не болмаса 
шеткі қарыншаларда тұрады (интракраниалды пневмоцефалия 
немесе аэроцеле). Динамикалық бақылауды кейде бірнеше 
күндерде немесе – апталарда ауа көпіршікті ұлғайып клапан тәрізді 
рөл атқарады. Бұл көпіршік үлкен көлемді болуы мүмкін және ол 
өскен сайын ми компрессиясы байқалады. Егер де өз бетінше 
фистула жабылмаса, не болмаса қуыстағы ауа сорылып кетпесе, 
онда хирургиялық әдіспен мидың қатты қабықшасының ақауы 
пластикасымен субарахноидальды кеңістікті бекітеді. 
Ашық бас ми жарақаттары. Ашық бас ми жарақаты бастың 
жұмсақ қабынының бүтіндігінің бұзылысымен және бассүйектің 
зақымдалуымен жүреді. Ашық бас ми жарақаты бассүйек негізінің 
сынығы да жатады, бұл кезде сыртқы ортаның бассүйек қуысымен 
байланысы байқалады. 
А. Ашық жарақаттардың өзі оқтан және оққа байланыссыз 
болған жарақаттарға бөлінеді. Оққа байланыссыз ашық 
зақымданулар жарасының сипатына қарай соғылып-жыртылған, 
кесілген, шабылған, тесілген және сырылған болуы мүмкін. Оқтан 
болған жарақаттар жарақаттаушы оқтың сипатына қарай, оққа 


74 
байланыссыз және оқтан болған жараланулар сипатына қарай 
былай бөлінеді: 
а) Бастың жұмсақ жабынының зақымдалуы 
б) Сүйектің жарақаты зақымдалуымен бірге, бірақ, мидың 
қатты қабықшасы бүтіндігінің бұзылуынсыз (енетін). 
в) Мидың қатты қабықшасы мен бассүйектің жарақатталып 
зақымдалуы (енбейтін). 
Орналасуына қарай бассүйек сынықтары келесі түрлерге 
бөлінеді: 

Бассүйек күмбезінің сынуы 

Бассүйек негізінің сынуы 

Бассүйек күмбезі мен негізінің сынуы. 
Бассүйегінің сыну түріне қарай: 

Толық емес сынық 

Түзу сызықты сынық (сызаттану) 

Енген сынық 

Жарықшақты сынық 
Зақымдалу аймағын (жабыны, сүйегі, ми бөлігі) диагнозда 
міндетті түрде көрсетеді. 
В. Ашық бас ми жарақатында жиі кездесетін асқынулар 
a)
Инфекциясыз (қан кету, гематома, ликворея, мидың 
сусінділенуі, мидың ерте пролапсы). 
b)
Инфекциялық 
(бассүйек 
остеомиелиті, 
менингит, 
энцефалит, ми абсцессі, ликворлы жыланкоз, мидың кеш 
пролапсы, инфекциялық гранулемалар). 
c)
Тыртықты-жабыспалы 
(арахноидит, 
қабықша-милық 
тыртық, мидың сулы ісігі). 
Г. Ашық бас ми жарақаты өтпелі емес және өтпелі, яғни 
мидың қатты қабықшасының бүтіндігі немесе жарақатталуы болып 
бөлінуі үлкен маңызға ие. 
Зақымдалған мидың қатты қабықшасы инфекцияның өтуіне 
күшті кедергі болып табылады. 
Д. Жарақат каналының түріне қарай: 
Тесіп өткен, соқыр, жанамалы және рикошеталық жарақат 
болып бөлінеді. Оқтан болған жарақаттар жекеленген немесе 
көптігіне, зақымдалу жағына және орналасуына қарай бағаланады. 


75 
Е. Мидың оқпен болған жарақаты ағымы бойынша 
клиникалық 5 кезеңге бөлінеді: 
1. Бастапқы кезең. Ұзақтығы 3 күнге дейін. 
2. Ерте реакция және асқыну кезеңі. (дисциркуляторлық, 
инфекциялы) 3 тәуліктен 3 аптаға дейін. 
3. Ерте асқынулардың ликвидация кезеңі. 3-4 аптадан 3 айға 
дейін. 
4. Кеш асқынулардың ликвидация кезеңі. 2-3 жылға дейін. 
5.Ұзақ уақыттан кейін байқалатын көріністері. Негізінен 
қабықша-милық тыртықтың болуына байланысты. 
Жәбірленуші тексерген кезде оның өмірге аса маңызды, 
тыныс алу, жүрек-тамыр қызметтеріне ерекше назар аудару қажет. 
Ашық бас ми жарақатында өмірге маңызды функциялар 
бұзылысының патогенезі дәл осындай жабық бас ми жарақатында 
ми затымен қан тамырларының тікелей бұзылысы және қан 
кетулер жиі кездеседі. Сондықтан да, ашық бас ми жарақатындағы 
бағаналық бұзылыстар патогенезінде басты рөлді бассүйек ішілік 
гематомалар атқарады. 
Ашық бас ми жарақатында науқастың жалпы жағдайын 
бағалауда, барлық клиникалық симптомдары мен оның 
динамикалық, қан мен жұлын-ми сұйықтығы, сондай-ақ объективті 
зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жүргізіледі. Ашық бас ми 
жарақаты кезінде есін жоғалту орташа 65,6% жағдайда байқалады. 
Ашық бас ми жарақатымен зақымдалушылардың арасында 
шамамен 40%-салыстырмалы қанағаттанарлық жағдайда түседі, 
32%-орташа ауырлықта, 28% - ауыр жағдайда (оның 11% өте ауыр 
дәрежеде) түседі. Науқастың жалпы жағдайының ауырлығы, ашық 
зақымдалу сипатымен жиі сәйкес келеді. 
Неврологиялық зерттеу кезінде қарашықтың формасы, 
көлемі, жарыққа реакциясына, корнеалды рефлекстерінің 
сақталуына, қыликөздіктің, экзофтальмға, көз айналасында 
"көзілдіріктің" болуына назар аудару керек. Бассүйек негізі 
сынуының ең негізгі белгісі рентгенологиялық түрде табылған 
сызат болып есептеледі. Алайда жарақаттың жедел кезенінде 
науқастың ауыр жағдайына байланысты ренгенологиялық тексеру 
қиын немесе мүмкін болмаса, онда мына екі белгіге қарай отыра 


76 
шамалауға болады: көз айналасындағы "көзілдірік" симптомына 
және субарохноидальды қан құюлуға. Жоғарыдағыдай бірлесу 
көбінесе бассүйек негізінің сынуына сәйкес келеді. 
Ашық бас ми жарақаты кезінде жарақат каналынан кейде 
ұлпалардың бөлшектері, қағаз, кірпіш, тас, шыны, жарақаттаушы 
құралдың жарықшағы секілді бөгде текті заттарды табуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет