68
Сурет 10. Бүйір проекциядағы аса ірі ми гематомасы
Бассүйек сынықтары.
Бассүйек
сынған болса, онда мидың
жарақаты тек қана соғылу түріне жатады. Бассүйекті эластикалық
маңызы зор және бассүйектің бүтіндігіне байланысты зақымдарды
көтереді. Осының әсерінен бірнеше ми зақымдары байқалады.
Түскен механикалық заттардың күші бассүйек серпімділігінен
жоғары болса, онда бассүйегі сынады. Нейрохирургиялық
көзқараспен қарағанда бассүйек сынуын 3 топқа бөледі:
1. Бассүйек төбесінің сынуы (ортаңғы
және жоғары
бөліктері);
2. Бассүйектің парабазалды бөліктерінің сынуы (төменгі
төбенің бөлігі және соған жанасып жатқан бассүйек негізі,
сонымен бірге зақымданатын мұрын қуысының шұңқырлары мен
құлақ);
3. Бассүйектің ортаңғы бөлігінің сынуы.
Морфологиялық көзқарастағы бассүйек сынықтарының
түрлері:
жарылу; қуысты сынықтар; сүйектердің майдаланып сынуы;
сүйек ақауымен болган сынықтар – тесікті сынықтар; бассүйек
69
тігістерінің ажырауы, бұл сыныққа жатпағанмен, бірақ осы топпен
бірге қарастырылады.
Бассүйектің сынығы болса да, біріншіден хирургиялық емді
жасауға болатын көрсеткіштерді анықтау қажет және отаға
байланысты жоспар құру керек.
Сурет 11. Бала миының сол жақ жартышарындағы жедел
гематома
Сызықты сынықтар.
Бассүйегі
төбесінің ішіне кіріп
майысқан сынықтар. Бас беткейінің үлкен алаңды жерді
жарақаттауы мүмкін. Бір немесе бірнеше сүйек сынықтарының
болуы және үлкен немесе кіші терендікке миға кіріп кетуі мүмкін.
Ішке кіріп зақымдалған жер конус тәріздес келеді. Осы фрагментте
сүйектер бассүйекпен біркелкі байланыста болуы мүмкін
немесе
одан барлық сүйектер бөлінеді. Ішкі майысқан сынықтардың
неврологиялық симптоматикасы болмаса да операциялық ем
қолданады. Кейде жедел немесе деделдеу сатысында бассүйек
төбесінің сынығында
бұл симптоматикасы байқалмайды, бірақ
ауру кешкі сатыға шығады. Майысқан сынық қалдықтарын алып
тастау эпилепсия мен менингиттің алдын-алу болып табылады.
70
Зақымданудың түріне байланысты
операциялық көрсеткіштердің
техникасы анықталады.
Кесілген жұмсақ ұлпалар
Достарыңызбен бөлісу: