87
Гематомиелия мойын бөлігінде орналасса,
оның соңы
өліммен аяқталады. IV-Vмойын сегмент деңгейі зақымданғанда
тыныс жетіспеушілігі байқалады, оның патогенезінің негізінде
көкеттің салдануы дамиды. Гематомиелия кезінде жұлын шоғының
белгілері науқас шоктан шыгар кезінде кешірек шығуы мүмкін.
Сурет 13. Омыртқаның бел бөлімінің артқа қарай шығуымен
қысылып-ұсақталып сынуы
Жұлынның алдыңғы бөлімінің зақымдану синдромы.
Жұлын затының алдыңғы 2/3-4/5 бөлігін қанмен қамтамасыз ететін
алдыңғы жұлын артериясының
зақымдану синдромы жарақат
алған кезде байқалуы мүмкін, бұл синдромға ошақты бұзылыстар
және жамбас қуысындағы ағзалар қызметінің бұзылысы тән. Бірақ
бағананың артқы бөлігінің зақымдану белгілері болмайды.
Жұлынның алдыңғы бөлігі зақымданған кезде клиникалық
белгілер тез арада пайда болады. Олар аяқ-қолдың салдануы,
88
гипестезия зақымданған деңгейге дейін, бірақ бұл кезде қозғалыс
сезімі, аяқ-қолдардың орналасуы және тербелістік сезім сақталады.
Бұл синдром жарақат салдарынан да пайда болуы мүмкін. Мұның
патогенезінде жұлынның алдыңгы бөлігі қысылып,
омыртқа
денесіне қарай ығысады. Бұл кезде тіс өсіндінің тартылып, жұлын
жолының майысуы болады. Осы кезде рентген суретте сүйек
сынығы жоқ деп теріске шығарса, онда омыртқа дискілерінің
арасында жарықтың болуына күдіктену керек. Жұлын-ми
сұйықтығының ағуына кедергі жоқ болса да, жұлынның алдыңғы
бөлігіне қандай да бір күш түсетінін жоққа шығару керек. Мұндай
жағдайларда
пневмоэнцефалография
(пневмомиелография)
жасалынады. Сөйтіп зақымданған омыртқалардың ығысу деңгейін
және омыртқаның бұзылған дискілерінің томпайғанын анықтайды.
Омыртқаның асқынған жарақаттарында
жұлынның алдыңғы
бөлігінің зақымдануы 4/5 науқастарда кездеседі. Егер қаңқалық
тарту кезінде өзгерістер шамалы алға жылжыса, бұл жұлын
қызметінің қалпына келгені.
Достарыңызбен бөлісу: