90
бұзылады. Себебі, жарақаттанған ошақтардан патологиялық
импульс барып рефлексті бұзады. Бір ескертетін жағдай, осы кезде
зақымданған аймақта мүйізше артериясының қысылуы мүмкін. Бұл
артерия жұлынды қанмен қамтамасыз етуде мағызы зор. Бұл
концепция клиникалық бақылауда қолдау табады. Себебі,
омыртқаның зақымдануы жұлынның зақымдану деңгейіне сай
келмейді. Кейбір жағдайларда жұлынның сегменттік зақымдану
деңгейі кейде омыртқаның зақымдануына сай келеді. Бірақ, бұл
кезде жұлынның екінші реттік көлденең зақымдану деңгейі пайда
болады. Ол кейде омыртқаның зақымдану аймағынан жоғары
немесе төмен орналасады. Омыртқалардың зақымдану аймағына
сай келмеуі көбінесе мына сегменттерде С5, D4, D10, L1 болады.
Бұл былай түсіндіріледі, осы аймақтарда қан айналым өте қауіпті
жүреді, декомпенсацияға ертерек ұшырайды. [10]
Гемодинамнканың
бұзылуы
жұлынның
ишемиялық
жұмсаруына әкеледі. Ол қауіпті аймақтарта қан аз баруымен
түсіндіріледі.
Жұлынды
анатомиялық
зерттеу
мынадай
қорытындыға әкеледі: жұлынды үлкен мүйіз артериялары, жақсы
дамыған артериялық бағаналар қанмен қамтамасыз етеді. Қан
айналымның және жұлын-ми сұйықтығы ағысының бұзылуы
қызметтік бұзылыспен көрінеді. Зақымданудың орташа дәрежесі
бірінші орталық бөлімдердің зақымдануы болады, соңынан некроз
ошақтары, қуыстар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: