179
Жұлынды
қысып тұрған, омыртқа ісігіне ота мына
мақсаттармен жасалады:
1. Жұлын және оның түбіршегінің декомпрессиясы.
2. Ісікті алу.
3. Түбіршек аурсынуын жою.
Жұлынның декомпрессиясы омыртқа каналын ашумен жүреді
(ламинэктомия). Сирек кездесетін жағдайда, қатерсіз ісік
омыртқаның
артқы
жарты
доғасын
зақымдап
және
ламинэктомияда барлық зақымданған ұлпаны алып тастайды да,
жұлынның қатты қабықшасына тиіспей декомпрессия жасайды.
Бірақ көпшілік науқаста ісік омыртқа денесін зақымдап, бүйірлі
бөлігіне таралып, жұлынның алдынан және бүйіріне компрессия
тудырады. Осындай жағдайда омыртқаның артқы жарты
сақинасына ламинэктомия жасаған тиімді емес.
Онда жұлынның
қатты қабықшасын кесіп, созылып жатқан фронталды алаңдағы тіс
тәрізді байламды кеседі. Бұл байлам компрессия кезінде жұлынды
артқа қарай жылжудан сақтайды. Осыдан ламинэктомия жеткілікті
болуы керек, омыртқа доғаларын жоғарыдан және төменнен
ликвороциркуляция жақсарғанша алады. Тіс тәрізді байламды екі
жақтан да кеседі, сөйтіп жұлынның алдынан қысылуын
болдырмайды. Жұлынның қатты
қабықшасын тікпей қалдырады,
ал жарақатты қабатымен жақсылап тігеді. Өйткені, отадан кейінгі
ликвория пайда болуы мүмкін.
Ламинэктомия кезінде өте жиі артқа таралатын қатерлі ісіктер
табылады (ісіктің метастаздары). Олар омыртқаның артқы
сақинасына, денесіне, сол жерде жатқан қабырға бөліктеріне,
омыртқа айналасындағы жұмсақ ұлпаларға таралып жатады.
Жұлынды қысып жатқан метастаздалған ісік болса, онда отаға тек
ғана клиникалық көрінісінде қысылу
симптомы айқын байқалса
алынады. [21]
Экстрамедуллалық метастаздалған немесе біріншілік қатерлі
ісіктер омыртқа каналына өсіп, жұлынның қатты қабықшасына еш
уақытта енбейді. Ісікпен жұлынның қатты қабықшасын табу қиын
емес.
Арқа симптомдары метастаздық ісіктер кезінде жұлында және
түбіршектерде қысылу ғана болмай, басқа себептер де кездеседі.
180
Ісіктер жұлынға улы және ишемиялық әсер беруі мүмкін. Егер
жұлынның компрессиясы механикалық сипатта болса, онда оны
жойғанда функциясы қайта қалпына келеді.
Омыртқа денесіндегі
қатерсіз ісікті алу қиын және сирек орындалады. Егер трансдуралы
жолмен артынан алуға ұмтылсақ (жұлынды ығыстырғаннан соң
және вентральды бетінен жұлынның қатты қабығын кескеннен соң),
онда жұлынға зақым келіп, қайтымсыз әрдіске ұшырайды. [43]
Омыртқа денесіндегі ісікті алу үшін, омыртқа алдына шығу
керек, дәл остеохондроздағыдай спондилезге ота жасағандағыдай.
Ісікті алып жатып артқы көлденең байламнан асып кетпеу керек.
Өйткені жұлынның вентральды бөлігіне зақым тигізілуі мүмкін.
Омыртқа денесінде үлкен ақау болғанда және омыртқа аралық
буынның дұрыс болмауы ауто немесе аллотрансплантатты қолдана
отырып, алдыңғы спондилез отасы жасалады.
Омыртқа
ісіктеріндегі түбірдің анықталуы мынадай себептерден болуы
мүмкін:
А) Ісік омыртқа аралық
тесікке өсіп, одан шығатын
түбіршекті қысуы мүмкін.
Б) Сегізкөз бөлігіндегі қатерлі және қатерсіз ісіктер омыртқа
аралық тесікке өсіп, ат құйрығы түбіршектерінің компрессиясын
тудырады.
Ісіктер бір немесе екі омыртқа аралық тесікке өссе
интрадуральды
кесу
эффективті
болады.
Онда
артқы
түбершектерді кесіп, олардың қатты ауырсынуын жояды. Негізгі
отаның тиімділігі кесуге арналған түбіршектерді дұрыс табу. Ат
құйрығының жоғарғы ортаңғы бөлігіндегі компрессияны жояды.
Егер де сегізкөз бөлігінде қатерлі ісіктен қатты түбіршек
ауырсынуы болса, онда спиртті жұлын каналына жібереді немесе
спиноталамустық жолды кеседі. Кейбір
кезде омыртқа ісіктеріне
сәулелік терапия тағайындалады. Ол да қанағаттанарлық нәтиже
береді.
Достарыңызбен бөлісу: