Казахстан


№5 Тақырып. Жұлын ми, омыртқа ісіктері



Pdf көрінісі
бет69/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

№5 Тақырып. Жұлын ми, омыртқа ісіктері 
 
Жұлын ми ісіктері.
Патологиялық тұрғыдан қарағанда 
жұлын ісіктеріне, оның заттарынан пайда болатын жаңа түзілістер 
жатады. Клиникалық тұрғыдан қарағанда бұл топқа эпи – және 
субдуралды орналасқан және жұмсақ ұлпалардан тарайтын бірінші 
реттік және метастаз беретін ісіктер жатады. Жұлын ісіктерін 
жұлын мен оның түбіршектерінен шығатын омыртқа өзегіне қарай 
өскен, омыртқаның бірінші реттік немесе метастаз беретін ісіктерін 
тағы да омыртқа өзегі деңгейінде орналасқан гранулемалардан, 
жұлын мен оның түбіршектерінен шығатын цистицерк және 
эхинококк туғызатын паразитарлы ұлпалардан холестеатомадан 
айыра білу керек. 
Неврологиялық және нейрохирургиялық стационарда жұлын 
ісіктері жиі кездеседі. Жұлын мен ми ісіктерінің қарама-қатынасы 
1/6 тең. 
Жұлын ісіктері жұлынның өз затынан пайда болатын 
интрамедуллалық болып және айналасындағы құрылымнан (қан 
тамырлары, қабықтарынан, эпидуралық шел майынан) пайда 
болатын экстрамедуллалық болып бөлінеді. Экстрамедуллалық 
ісіктер субдуралдық және эпидуралдық болып бөлінеді. 
Жұлынның біріншілік ісіктерінің ішінде экстрамедуллалық ісіктер 
көп кездеседі. Солардың ішінде эпидуралдыққа қарағанда 
субдуралдық көп кездеседі. [23] 
Экстрамедуллалық 
ісіктердің 
көбісін 
менингеомалар 
(арахноидэндотелиомалар) және невриномалар құрайды, интра- 
медуллалық ісіктерден эпендимомалар және өте сирек глиомалар 
кездеседі. Гемангиомалар, саркомалар және гемангиомалар сирек 
кездеседі. Үлкен адамдарда рак метастазы көп кездеседі. Ісіктің 
микроскопиялық түрін дұрыс бағалау ота жасау үшін үлкен 
маңызы бар. 
Жұлынның экстрамедуллалық ісіктерінен ең көп кездесетіні 
менингеомалар, шамамен 50%, олар сондай-ақ субдуралдық және 
сирек жағдайда эпидуралдық немесе интрамедуллалық болып 
орналасады. Менингеомалар – қабықшаның қан тамырлы 
ісіктеріне жатады. Олар ми қабықшаларына тығыз бекініп жатады. 


166 
Оларға радикалды ота жасау үшін зақымданған ми қабықшасын 
сау ұлпалармен қосымша кесу керек. Көп жағдайларда ісіктер шие 
тәрізді пішінді болады, ал оның төмпешік беті қысылған жұлынға 
бағытталған. Басқа жағдайларда, ат құйрығы аймағында орналасса, 
оның пішіні үлкен болып келеді. Жұлынның бетінен ісікті алу аса 
қиынға түспейді. 
Жұлынның экстрамедуллалық ісіктерінің ішінен невринома- 
лар менингеомалардан кейін екінші орын алып, 40% құрайды. 
Невриномалар жұлын түбіршегіндегі шванн элементтерінен 
дамиды. Өзі тығыз консистенциялы ісік, сопақша келген, жұқа 
жылтыр капсуламен қапталған. Ол субдуралдық кеңістікте 
орналасқанда түбіршекте ілініп тұрған тәрізді немесе түбіршекке 
өсіп өзінің ұлпасына айнала орналасады. Оларды радикалды алу 
өте қиынға түседі. Көбіне ісіктер көрші түбіршекке өсіп, бірігіп 
кетеді. Бірақ оларды оңай кесіп ажыратып алады. Кей кезде 
невриномалар омыртқаның орталық тесігі арқылы түбіршек 
бойымен өседі. Сол кезде ісік пішіні құм сағат тәрізді болады. 
сонда бір бөлігі омыртқа каналының сыртында қалады. 
Операциялық тактиканы дұрыс жүргізу үшін ота алдылық 
диагнозды дәлелдеу қажет, әсіресе көкірек бөлігіндегі ісіктің бір 
түйіні интравертебральды орналасса, ал екіншісі медиастиналды 
орналасады. Осы ісіктің диагностикасы келесіге негізделеді: 
1. Клиникалық көрінісінде түбіршектің тітіркенуі немесе 
жұлынның компрессиясы ликвородинамикалық сынама, ликвор- 
лық және миелографиялық зерттеулер. 
2. Көкірек қуысындағы ағзалардың ісікпен қысылу симптомы. 
3. Рентген зерттеуде ісіктерді анықтау. 
4. Рентгенде омыртқа аралық тесіктің кеңейгені және оның 
эрозиясы, басқа сүйек құрылымдары болуы. Егерде рентген 
тексеруде кенеттен ісік (невринома) артқы көкірек аралықтан 
табылса, онда неврологиялық тексерілуден өту керек. Ол ісік 
түйінін омыртқа каналына кіргізбеуді мақсат етеді. 
Реклингаузен ауруында жұлын түбіршегінің көптеген 
невриномасы байқалады, бірақ ауру белгілі кезде ғана клиникалық 
симптом береді. 


167 
Реклингаузен ауруының клиникалық көрінісінде, науқастан 
мынаны сұрау керек: тері астынан немесе тері асты шел майы 
қабатынан ісік тәрізді жаңа құрылым байқалады ма екен? Егер 
байқалса, онда Реклингаузен жүйелі нейрофиброматозы болады, 
онда омыртқа ішілік невринома бар деп тұжырымдауға болады. 
[22] 
Интрамедуллалық ісіктер арасында глиомды қатардағы 
ісіктер (эпендимомалар, астроцитомалар, сирек олигодендроглио- 
малар, мультиформды глиобластомалар және медуллобласто- 
малар) 80% құрайды. Олар сұр затта дамып, негізінен тік өседі. 
Жұлындағы ісіктің орналасуы макроскопиялық көрінісінде ұршық 
тәрізді қалындаған. Кейде ісік жұлынның бетіне өсіп шығады. 
Эпендимомалардың негізгі элементі полигоналды өсіндісіз 
жасушалар, орталық каналдағы эпендимадан, айналасындағы 
ұлпасынан жақсы бөлінген. Олар эпендималық жасушалардан 
дамитын ат құйрығының түбірінде орналасатын кей кезде үлкен 
өлшемді болып клиникада экстрамедуллалық ісік деп қарап
радикалды 
отаға 
жатқызады. 
Эпендимомалардан 
басқа 
интрамедуллалық ісіктерді радикалды оталау мүмкін емес. 
Протоплазмалық астроцитомалар фибриллалы тордан, оларға 
қосылған жасушалардан және жұқа қабырғалы тамырлардан 
тұрады. Көбінесе жұлынның ақ затында пайда болады. [17] 
Неврологиялық көрінісі: жұлынның ісіктерінің, жұлынның 
немесе ат құйрығының түбірінде көлденең зақымдану синдромы 
үдемелі туады. Субарахноидальдық кеңістіктің және ошақты 
симптомның механикалық блокадасы, соған байланысты ісіктің 
орналасуы, сипаты жатады. 
Экстрамедуллалық қатерсіз ісіктерінде жартылай үдемелі 
синдром немесе жұлынның толық көлденең зақымдану синдромы 
ісіктің қысуымен сипатталады. Жұлынның жұқалануы немесе 
атрофиясы 
белгілі 
бір 
кеңістікке 
ығыстыру 
болады. 
Интрамедуллалық ісікті бұл синдром мидың қалыңдап ішінен 
қысылуымен сипатталып ми ұлпасынан ісік элементтері бірге 
өседі. Егер де ісіктің қысымы жүйке жасушаларына және 
талшықтарына күшейсе, онда функциялық динамикалық бұзылу 
импульстің блокадасымен бірге пайда болады. Содан соң 


168 
қайтымсыз микроқұрылымдық өзгеріс, жүйке жасушаларының 
ісінуі мен дегенерациясы және іркілуі, төмендеуші жүйке 
талшықтарының бұзылуы пайда болады. [12] 
Жұлынның көлденең үдемелі зақымдану синдромында 
бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады да онда қимылды 
сезгіш, жамбастық және трофикалық қызметтерінің бұзылуымен 
сипатталады. 
Осы 
синдромның 
жедел 
дамуы 
жұлын 
сұйықтығының функциясынан пайда болады, өйткені ісік жылжып 
астындағы 
кеңістікті 
бітеп 
жұлынды 
қатты 
қысады. 
Интрамедуллалық ісікте бітеп қалу синдромы болмайды. 
Ісіктің өсуіне байланысты және жұлынның қысылуында 
субарахноидтық кеңістіктің жартылай немесе толық блокадасы 
пайда болады. Бос ликвороциркуляция блокада тұсында тоқтайды. 
Соның салдарынан блокададан жоғары жатқан ликвор төмен өте 
алмайды, ісікке қосымша қысым түсіреді және соған қоса сол 
жердегі жұлын бөліктеріне қысым түсіреді. Осыған байланысты 
жұлынның көлденең зақымдану синдромы күрделене түседі, 
әсіресе белден ликворды алғанда осы көрініс айқын көрінеді. 
Сонда бітелу синдромы болады. Блокаданы анықтау үшін белден 
инемен тесіп ликвородинамикалық сынама, ал блокаданың көлемін 
білу үшін субарахноидальдық кеңістікке контраст зат жіберіп, 
рентгенограмма арқылы біледі немесе радиоактивті зат жіберіп 
радиометрия көмегімен анықтайды. [14] 
Ликвородинамикалық сынама. Ликвор қысымын жасанды 
түрде көтеру, онда ісіктің жоғарғы жағында, яғни мойын 
көктамырларын 
саусақпен 
қысып 
қысымды 
көтереді 
(Квеккенштедт әдісі). 
Субарахноидальдық кеңістіктің люмбальды бөліміндегі 
қысымның көтерілу сатысы және жылдамдығын белден инемен 
тесіп, ликвор қысымын монометрмен өлшеп табады. Ликвор 
қысымы жоғарылауының сатысы аз ғана немесе жоқ болса, толық 
немесе жартылай ликвор блогы бар деп есептейді. 
Толық блокқа ликвор қысымының төмендеуі де жатады. Ол 
люмбальды бөлімінің 5-8 мл ликворды алғанда болады. Жұлын 
сұйықтығында блокада басталған жағдайда ақуызды-жасушалық 
диссоциация пайда болады. Тұрақты деңгейдегі цитозда ақуыз 


169 
саны ұлғайғанда пайда болады. Егер белок саны өте жоғары болса 
шыныға жиналған жұлын сұйықтығының тез арада өздігінен 
қоюлануы байқалады. Ол кейде сатылы, субокциниталды немесе 
люмбальды пункциясында байқалады. Мидың қысылған жерінде 
ақуыз саны тұрақты деңгейде және блокаданың төменгі жерімен 
салыстырғанда аз өзгерістер байқалады. ісіктің орналасқан жеріне 
жақындағанда жұлын сұйықтығының өзгеруі жоғарылайды. Көп 
жағдайларда эпидуральдық ісікке қарағанда субдуральды 
орналасқан ісіктің жасуша саны көбірек болады. Шамамен 1/3-1/3 
жағдайда толық блокада ксантохромиямен бірге жүреді. Яғни 
көктамыр эритроциттері ісігі немесе жұлын тамырлары 
қысылғанынан гемолизге ұшырайды, ми сұйықтығы сарғыш 
немесе ашық қызыл түстерге боялады. Ісікке жақын жерде 
реактивті арахноидиттің туындауынан ми сұйықтығында 
плеоцитоз пайда болады. Бұл субдуральды орналасқан қатерлі 
ісікте жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет