Балалар бас ми ісік ерекшеліктері
Ісік үрдісінің этиологиясы толық зерттелмеген. Осы үрдістің
табиғаты полиэтиологиялы. Осы уақытта ең жақын тұжырым ол
мутациялы үрдіс, соматикалық жасушалардың хромосомалық
мутационды өсуінен болады. Дизэмбриологиялық тұжырым
балалар онкологиясына жақынырақ, оның ішінде бас ми ісігіне. Ол
мидың бір топ жасушалары эмбриональды кезеңде бөлінуді қояды
және алғашқы түрде көптеген жылдар қалады. Бір мезетте кенеттен
әсер алып тез өсе бастайды, еш тиылымсыз бөлінеді. Осыдан толық
жетілмеген жасушалардан ісік пайда болады – қатерлі ісік.
Осындай эмбрионның жүйке жасушаларының дамуының тоқтауы
екіге бөліну жерлерінде, айырылу жерлерінде жиі кездеседі. Себебі
көбінесе балалар ми ісігі 80% жағдайда орта сызықта орналасқан:
мишықтық құртты тәріздісінде, III және IV қарыншаларда, түрік
ершігінде кездеседі.
Смирнов Л.И. ісіктік өсуге эмбриональды ыдырау ғана емес,
жарақатты немесе қабыну үрдістері де әсерін тигізеді.
Тұқымқуалаушылық тұжырымы – бастың жүйкесін және дененің
жабындысын
ісікпен
зақымдайтын,
жиі
есту
жүйкесін
зақымдайтын Рикленгаузен нейрофиброматозында анық айтуға
болады. Сырқат аутосомды доминантты типпен беріледі. [27]
Ми ісіктерінің жіктелуі
Ми
ісіктерін
бірнеше
түрмен
жіктеуге
болады:
гистологиясына байланысты, орналасуына байланысты, қатерлік
деңгейіне байланысты, өсуіне байланысты және тағы басқа.
Гистологиялық принцип (гистогенез) Б.С. Хоминский жіктелуінде
көрсетілген.
160
1.
Персестирленген эмбрионалды медулобласт – медуло-
бластомага өсуге себеп болады, осы ісік мидың ең жетілмеген
ісіктеріне жатады (25.8%). Мүмкін, ми ісігінің осы түрі ғана
метастаз беретін ісік, бірақ ликвор жүйесінде ғана. Көбіне
мишықты ғана зақымдайды.
2.
Астроцит астрицитомаға өзгереді (42.5%). Ол қатерсіз
глиальді ісік болып табылады, киста түзуге бейім. Ота сәтті өткен
жағдайда толық жазылып кетуі мүмкін. Астроциттерден атипті
астроцитома түзіледі – қатерлі ісік, глиобластома.
3.
Олигодендроцит олигодендроглиомаға бастама болады
(4.5%). Бұл ісік ми ішілік ең қатерсіздеу ісік, ақырын өседі, жылдап
өседі. Бұл ісік жиі әктенеді, шолу краниограммада көруге болады.
Осы
жасушалар
атипті
олигодендроглиомаға
немесе
глиобластомаға айналуы мүмкін – қатерлі ісіктер.
4.
Эпиндема жасушалары, ми қарыншаларын қабырғалары-
нан тұрады, қатерсіз ісік эпендиомаға бастау болады (8.6%).
Бірақта осы ісіктерденде қатерлі ісіктер түзілуі мүмкін: атипті
эпиндиома немесе глиобластомаға айналуы мүмкін. Мүмкін, осы
ісіктер, әсіресе біріншісі, қарынша ішілік басталуы мүмкін.
5.
Тамыр шоғырының эпителиі хориоидпапилломаның және
хориодкарцинома негізі болып табылады. Және де осыған дейінгі
ісіктер қарыншаішілік сияқты басталады.
6.
Бүршік тәрізді дененің жасушасынан пинеалома түзілуі
мүмкін.
7.
Шванов жасушалары қоршап тұратын осьті цилиндр,
шваномаға бастау болады немесе жүйке ісігі деп те атайды. Оны
клиницисттер невринома деп атайды. Бұл ісік жиі жағдайда
вестибулярлы жүйкенің (VIII) есту бөлігінде орналасады, қатерсіз
ісік.
8.
Менинготамырлық ісіктер қатары мезодермалды тіннен
түзіледі, экстрацеребралды орналасады, сондықтан оны толық
алып тастауға болады – радикалды ота. Оған мидың қатты
қабығына жабысқан арахноидальды қабаттан дамыған (3-4%) және
тамыр
адвентициясының
ангиоретикулемасынан
дамыған
менингиомалар жатады.
161
9.
Гипофизарлы аймақтың ісіктері. Балалар жасында жиі
кездесетін ісік – краниофарингиома. Ол ісік Ратке қалтасының
жұтқыншақ жолының персистерлеуші жасушасынан өседі (7-12%).
Ісіктер көбіне әктенеді. Гипофиз ісіктері – аденомалар балаларда
сирек кездеседі.
Балалар жасындағы ісіктердің клиникалық көрінісі
1.
Ісіктер артқы бас сүйек ойығында (субтенториальды) 1.5-2
есе жиі кездеседі супратенториальды орналасқан ісікке қарағанда.
Біріншіге тек мишық ісіктері мен ми бағанасының ісіктері жатады.
2.
Балалар жасында ісіктер көп жағдайда орта сызықта
орналасады. Бұл ісіктер III және IV қарыншаларда, ми
бағанасында, мишықтың құртында орналасады.
3.
Ересектермен салыстырғанда балалар жасындағы ісіктер
салыстырмалы тұрғыдан үлкен көлемде болады. Бұны түсіндіру
қиын емес, балалар бас сүйектері және тігістері эластикалы. Ісікпен
көлемі ұлғайған ми бастың тігістерінің ашылуына әкеліп
соқтырады, бас сүйектің көлемі ұлғаяды. Ісіктің сиымдылығы мен
зақымдалған ми көлемінің арасындағы келіспеушілік ересектерге
қарағанда кеш клиникалық көрініс береді. Жалпы ми симптомдары
ересектерде клиникалық көрініс ерте байқалады және айқынырақ
болады, балаларда керісінше.
4.
Балаларда жасырын кезеңі ұзақтау, ересектермен
салыстырғанда, әсіресе қатерсіз ісік кезінде.
5.
Балаларда ересектермен салыстырғанда компенсация
жағдайы декомпенсация жағдайына тез өзгеруі мүмкін немесе
керісінше. Осы жағдай көбінесе дәрігерді дұрыс диагноздан
шатастырады.
6.
Балалар жасында ісітктің әктенуі жиі кездеседі. Шолу
краниограммада әсіресе краниофарингиомада немесе олиго-
дендроглиомада әктенген ошақтар көруге болады.
162
Достарыңызбен бөлісу: |