Казахстан



Pdf көрінісі
бет64/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Артқы 
бассүйек 
шұңқырының 
менингеомалары.
Орналасуына байланысты бұл ісіктер 7% шамасында кездеседі 
және артқы бөлікте орналасқандықтан тотальды алынуы мүмкін. 
Ісіктердің көпір-мишық бұрышының алдыңғы бөлігінде немесе 
тенториумдық тесік аймағында орналасса түйінді бөлшекті алып 
тастауға 
тура 
келеді. 
Артқы 
бассүйек 
шұңқырының 
менингеомасына жасалған отадан кейінгі өлім 23-29% шамасында. 


154 
Есту жүйкесінің невриномасы.
Көпір-мишық бұрышында 
орналасқан есту жүйкесінің невриномасы өзінің дамуының ерте 
сатысында VIII жүйкенің есту және вестибулярлы қызметінің бір 
жақты өшуіне әкеліп соғады (калориялық сынау кезінде реактивті 
нистагмның болмауы, естудің төмендеуі немесе саңыраулық). 
Кейін бұл үрдіске парез бен плегия көрінетін жақын орналасқан бет 
жүйкесі қосылады. Ісік өзінің өсуі кезінде сопақша мидың жақын 
орналасқан бөлімдерінде, варолий көпірінде және мишықта терең 
ойшық пайда болып, деформация мен қысылуды шақырады. Сонда 
бағаналы және мишықты симптоматика байқалады (нистагм, 
атаксия және жүріс координациясы бұзылады, міңгірлеп сөйлеу 
және шашалу түрінде дөрекі бұзылулар). Ең соңында сильвий су 
құбыры аймағында қысылудың салдарынан окклюзиялық 
гидроцефалия және бассүйек ішілік қысымының жоғарылау 
синдромы сияқты клиникалық көріністер пайда болады. Артқы 
бассүйек шұңқыры ісіктерінің 23% және барлық бассүйек ішілік 
ісіктердің 8% жуығын құрайтын есту жүйкесінің невриномасын 2 
негізгі хирургиялық әдіспен емдейді: интракапсулалы (яғни 
жартылай) және ісікті тотальды алып тастау. 
Кушинг (1917) жасаған интракапсулалы алып тастау ісіктің 
тығыз капсуласын алып және оның ішіндегі құрамын қыруға, кейде 
капсуланың өзін жартылай немесе субтоталды алып тастауға 
негізделеді. Көпір-мишық бұрышында орналасқан ісікке жету үшін 
мишықтың жарты шарын шпательмен итереді, не болмаса 
латеральды жартысын резекциялайды. Осы ісіктердің хирургиялық 
емі туралы Кушингтің (1917) монографиялары нейрохирургия 
тарихында жаңалық болып саналады. Сол кезге дейін басқа 
хирургтардың мәліметі бойынша есту жүйкесінің невриномасын 
алып тастау отасынан кейінгі өлім 65-85% болса, ал Кушинг 
бақылауы бойынша 11%-ке төмендеді. [38] 
Ісіктерді интракапсулалы алып тастау кейіннен дамыды. 
Бірақ та интракапсулалы алып тастаудан кейін ісіктер одан әрі өсті 
және 3-4 жыл ішінде операциядан кейін науқастардың жартысы 
өліммен аяқталып немесе олардың нәтижесі нашар болғандықтан, 
оталардың қайтадан жасалуы сирек емес. Осы ақырғы жағдай 
хирургтарды есту жүйкесінің невриномасын тотальды алып 
тастауға итермеледі. 


155 
Кушинг басқарған көп нейрохирургтардың өз уақытында 
кәдімгі варолий көпіріне терең қысылған және сопақша мидың 
деформациясын шақыратын ісіктік түйіндерді тотальды алып 
тастаудың қауіпті екенін көрсетсе де, ісіктерді тотальды алып 
тастаудың жетістіктерін дәлелдейтін статистикалық көрсеткіш- 
терді жариялап шығара бастады. [18] 
Көп хирургтар аталған жағдайда есту жүйкесінің 
невриномасының хирургиялық емдеуінде ісіктерді тотальды алып 
тастауды қолданады. Егер ерте кезеңде ісіктің көлемі үлкен 
болмағанда, 
ми 
бағанасының 
ісіктік 
деформациясын 
шақырмағанда және оны алып тастауы бағана жағынан айқын 
реакциясы болмағанда ісіктерді тотальды алып тастау жеңілденеді. 
Ісіктерді тотальды алып тастаудың ең ауыр асқынуларының бірі 
ота кезінде зақымдалатын көпір-мишық бұрышында есту 
жүйкесінің салдануы жиі кездеседі, кейін осындай салдануды жою 
мақсатымен қайтадан ота жасауға тура келеді (мысалы, мойнында 
бет жүйкесін кесіп өтіп және оның перифериялық кесіндісін 
қосымша жүйкесінің кесіп өткен орталық кесіндісімен тігу). Есту 
жүйкесінің невриномасына жету үшін субтенториумдық жетуден 
басқалары да бар: а) көбінесе ішкі есту саңылауы аймағында 
орналасқан үлкен емес ісіктерді алып тастау үшін транслабиринтті 
жету, бұл кезде бет жүйкесін сақтап қалу мақсатымен 
микрохирургиялық техника қолданылады; б) супратенториумдық 
аймақ жағынан транстенториумдық жету, бұл кезде шүйде сүйегі 
аймағында сүйекті-пластикалық қиық түзеді де, мидың шүйде 
бөлігінің полюсін көтереді, мишық шатырын ашады және 
көпір-мишық бұрышындағы ісікті жалаңаштайды. Бұл операция 
әдістерін өте сирек қолданады және тек қана арнайы 
көрсеткіштерге қарап жасайды. [32] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет