146
Түрік ері арқашығының менингеомасының
көбінесе орта
жастағы және қарт адамдарда кездеседі. Ісіктің асимметриялы
орналасуына себепті алғашқыда үрдіс көз жүйкелерінің
прехиазматикалық бөлігінде басталады.
Сондықтан көру бұзылуы әуелі бір кезде байқалады, тек көп
уақыттан кейін (бірнеше айдан бірнеше жылға дейін) кәдімгі
хиазмалық синдром туады. Сол себепті аурудың алғашқы кезінде
көз жүйкесінің алғашқы атрофиясынан бір кезде көру төмендейді.
Бұл көздің көру аясында самай бөлігінің жоғалуы немесе орталық
скотома немесе скотомамен қосылып, самай бөлігінде көру
аясының кемшілігі байқалады. Бұл ісіктерге хиазмалық синдром
тән, ол көру жүйкелерінің алғашқы атрофиясымен,
көрудің
төмендеуін және әр түрлі деңгейде белгіленген битемпоральды
гемианопсиямен сипатталады. Басқа бассүйек жүйкелерінің (I, III,
V, VI) бұзылуы ісіктің үлкен көлемде өскен кезінде басталады.
Гипоталамусқа ісіктің әсері аурудың соңғы кезінде көмірсумен май
ауысуының бұзылуымен байқалады.
Өз жағдайына сын көзбен қараудың төмендеуінің, есте сақтау
қабілетінің төмендеуі, сылбырлық, тоқмейілділік, эйфория түрінде
психиканың бұзылуы маңдай диэнцефалды функция бұзылуына
байланысты. Бассүйек іші қысымының өте жоғарылау белгісінен
көз жүйкелерінің тоқырау дискісіне дейін бұл ісіктерде сирек
кездеседі,
бұл
ісікті
офтальмологиялық
негізінде
оңай
диагноздауға болатынын түсіндіруге болады.
Ликворда ақуыз-жасуша диссоциациясы 3/4 жағдайда
кездеседі. Краниограммада шамамен жарты ауруларда жергілікті
өзгерістерді анықтауға болады – арқашық,
сфеноидтық алаңның
гиперостозы, арқашық контурының нығыздалуы немесе біркелкі
еместігі, ісіктегі петрификаттар, негізгі сүйектің қойнауының
гипериневматизациясы.
Көбінесе диагноз үшін ангиография жасау керек. Бұл кезде
тура проекциясы суретте ішкі күре тамыр айырығының қисық
орналасуымен алдыңғы ми артериясының горизонтальды бөлігінің
доға түрде жоғары ауысуы, ішкі күре артериясының супраклиндік
бөлігінің сыртқа ауысуы көрінеді. Ал бүйір проекциялы суретте –
бұл артерияның сифонының
жайылуы және алдыңғы ми
147
артериясының алғашқы бөлігінің жоғары және артқа қарай доға
түріне ауысуы байқалады. Хирургқа ангиография мәліметі ота
жоспарын жасау үшін керек. Өйткені ісік көлемін анықтап, қан
айналысының топографиясы мен ерекшелігін дәлелдейді.
Ота жасау үшін оған жету жолы Стукей және Скраффтың III
қарыншаға вентрикулостомиясында хиазмаға жету жолы секілді
және гипофиз ісігін алу секілді. Түрік ері арқашығының кішкентай
ісігін толық алып тастау көбінесе онша қиын емес. Отадан кейінгі
болатын күрделі жағдайы отаның аурудың асқынған кезінде
жасалуынан болады. Өйткені бұл кезде ісіктің көлемі үлкен,
диэнцефалды ауданға біршама әсер етеді және ми астыңғы
бөлімдерінің магистралды тамырларының ірі тарамдарымен тығыз
байланысады.
Селлярлық аймақта
оталық кезеңге кіргенде, мидың маңдай
бөлімін жоғары қарай әдістемелік жолмен және жарақат келтірмей
ығыстыру керек, шпатель астына мақтаны салу керек және
біртіндеп ликворды сору керек (ол базальды цистерналардан
келеді). Шпатель мидың маңдай бөлімін ығыстырған кезде
гипоталамусқа қысым келтірмеу жағын байқау керек. Ер
арқашығының үлкен ісіктерінде және оған жету қиындығында
кейде мидың маңдай бөлігін резекциялауға тура келеді. Әр
уақытта, егер мүмкін болса, ісіктің түрік ері денесінен үзуден
бастау керек. Содан кейін кішкене ісікті инструменттермен
ұстайды, байқап жоғарыдан төмен
және алға қарай тракциялау
жолымен біртіндеп хиазмадан шығарады да толығымен алып
тастайды. Рецедив болмас үшін ісік өскен жерде электро-
коагуляцияны толық жасау керек. Үлкен ісіктерді кішкене көлемге
жеткізу үшін қасықпен, ісік тістеуігімен, пинцетпен немесе
электроілгекпен, сорып алғышпен ісіктің жұмсақ бөлігін сорып
алумен кішірейтеді. Осы кезде капсуланы бүлдіріп алмауға тырысу
керек. алдымен ісіктің
алдыңғы полюсін алу керек, содан кейін
біртіндеп ісіктің қалған бөліктерін көз жүйкелерінен, күре
артериясынан және хиазмадан бөлу керек. Ми ұлпасын мақтамен
жақсылап жабу керек, оны ота кезінде ми беті және ісік капсуласы
арасында қозғап тұру керек. Бұл ісік ұлпасына енбеген ми
тамырларының тармақтарын кездейсоқ бөлінуінен сақтайды. Егер
148
ірі тамыр жараланса, онда көз көру арқылы тезірек оны клипсалау
керек. Егер керек болған жағдайда ісікті толық алып тастауға тура
келсе көз жүйкелерінің біреуін қияды. Бірақ бұл бір жақты соқыр
болғанда (жүйке қиысқан жағында немесе басқа көздің көруі өте
жақсы жағдайда болады).
Түрік ері арқашығының менингеомасына жасалған отадан
кейінгі өлім әртүрлі статистикалық көзқарас бойынша 8-25%
болады.
Достарыңызбен бөлісу: