134
Ми жарты шарының нейроэктродермалдық ісіктерінің
көптеген бөлігі инфильтратты өсуде, көлемді таралғанына, әсіресе
астыңғы ми қабына және сүйелді денеге кіруіне байланысты не
толық алынбайды, не тіпті отаға келмейді. Осы қатерлі ісіктердің
нәтижесі нашар болғандықтан комбинациялық емдеу жолдарын
іздеуге тура келтіреді. Оған жататындар сәулелік терапия, әр түрлі
синтетикалық гормондарды қолдану (мысалы, еркектерге
синэстрол және әйелдерге тестостерон-пропионат) арқылы
гормондық балансқа әсер ету және антибластикалық химио-
терапевтік препараттар, ісік түйінінің радикалды түрде алғаннан
кейін отадан соң тезірек сәулелік терапия тағайындалады
(киловольттық, мегавольттық, бетатронды немесе телегамматера-
пия). Кейбір радиоактивтік сәулеге сезімтал ісіктерге –
медуллобластома жатады, онда сәулелік терапия жақсы нәтиже
береді, ал мультиформдық спонгиобластомада және астроцито-
маларда сәулелік терапияның әсері нашарлау, ал сәулелік әсерге
төзімді ісіктерде (менингеома, невринома, рак местастазы)
нәтижесіз. Сәулелік терапия қатерлі ісіктерде кейде 1-2 курстық
химиотерапиямен бірге жүреді.
Кей жағдайда қысқа уақытты радиоизотоптармен ісіктердің
ұлпа іші терапиясын жүргізеді. Ол үшін бета – немесе
гамма-сәулелік (
198
Au,
90
Y және т.б) радиоактивті гранулаларын
ісік ұлпасының ішіне кіргізу керек. Бұл препараттарды ота кезінде
ісікті толық алып тастау мүмкін еместігі анықталғанда кіргізеді
немесе егер ісікті жартылай не толық алуға, не декомпрессия
жасауға негіз болмаса оны стереотаксистік әдіспен фрезалық
саңылауы арқылы кіргізеді.
Ми жарты шарларының ми іші жәй және қатерлі ісіктерін
комбинациялық емдеуді көп уақыттан кейінгі нәтижесін
анализдегенде көп ретте нәтижелердің тиімділігі онша емес деген
қорытындыға келу керек. Бұл ең алдымен патологиялық үрдістің
сипатына байланысты, сондықтан емдеудің тиімділік әдістерін
іздеуге тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: