Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы


Тарихшы: 1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері  Тоқтар



Pdf көрінісі
бет25/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

Тарихшы:
1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері 
Тоқтар
Әубәкіров
ғарышта ерлік көрсетті. 
Жыршы:
Келді, міне, ерлікті бағалар күн 
Аруағы қолдады бабалардың. 
Ғарыш шарлап оралды Тоқтар батыр, 
Мұратыңа ие бол, бауырларым! 
(Шаттық күйі. Ту ұстаушылар әуен әусерінде Республика туын сахна төріне алып 
шығады. Жұрт орындарынан тұрып, ту астында еліміздің әнұранын айтады) 


38 
8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ
Тәрбие сағат тақырыбы: Ана – аса қымбатты жан
Тәрбие сағат мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.
Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат.
Суреттер, шар, гүл суреттері.
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем 
мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер 
бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай 
тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген 
маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ 
бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан 
анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш 
сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, 
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, 
қыздарға арналған, классымыздың ер балаларының дайындаған «Ана - аса қымбат жан!» 
кешімізге қош келіпсіздер!
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!! 
Мұғалім: Уа, ағайын, ағайын. Көктем келді жайнаған. Бау - бақшада бүгін той. Қош 
келдіңіз ағайын. Раушан гүлдер жайнаңдар. Гүлдей жайнап тұрыңдар. Құттықтаймыз 
сіздерді. Мерекеңмен бүгінгі. 
1 - оқушы: Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құрметтеп, Ән 
маржанын шашайық. Хор: «Құттықтаймын, мама, мерекеңмен!» Мұғалім: Ақ анашым, 
аппағым. Өзің жайлы тақпағым. Арналады сіздерге. Бар баланың тақпағы. (Балалардың 
тақпағы айтылады)
2 - оқушы: Алтын анам жасымнан аялаған Мен үшін игілікті аямаған Сабақтан шаршап 
үйге келгенімде Бал сөзі - жаным деген, сая маған.
3 - оқушы: Құтты болсын, ардақты ана Асыл анам мерекең, Құтты болсын теңдік алған. 
Қуанышты берекең. Мұғалім: - Барша аналарға арнаған Алмаздың орындауында өзбек 
биін тамашалаңыздар. 
4 - оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана. Келтірген дүниеге нелер дана Анасыз батырда 
жоқ, ақында жоқ Өмірдің алтын кілті сонда ғана. 
5 - оқушы: Бал бөбегін баптаған. Мамам үшін мақтанам! Аялайтын біздерді, Көп жасасын 
жақсы адам. Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық 
шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар 


39 
сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік. 
Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының 
тапқызу. 
6 - оқушы: Менің әжем, гүл әжем Алтын әжем, күн әжем. Апам үшін, мен үшін Нағыз ана 
тілі - әжем. 
7 - оқушы: Ақ қабақты анашым Күн көкірек мамашым Ақ сүтіңнен суардың Бөбегіңнің 
санасын. Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, Жылытар жүрегіңді көз көп дейін 
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге Қол соғып қарсы алайық «Жорға биін» Би: «Қара 
жорға» 
8 - оқушы: Ана біздің күніміз. Аялаған анамыз. Ана біздің күніміз. Саялаған панамыз 
Ананың біз гүліміз. Шынар болып өсеміз Ұланды ана қуантып Шырағы боп жанамыз. 
Ұзақ өмір сүріңіз. Мұғалім: - Осы балаларыңыздың тәтті тілдерімен айтылған өлең 
жырларынан кейін ата - аналар сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр. Ойын 
жарыс түрінде өтеді. Орталарыңыздан үш - үш анадан ортаға шығып сайысқа түседі. 
Ойын: «Қағазбен орау» Шарты: ортаға 3 ана мен 3 оқушы шақырылады, анасы баласын 
қағаз біткенге шейін тез орау керек. Мұғалім: Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша 
жұрт, Гүл ұсынып қыздарға, Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған 
сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) 
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым Ұзақ өмір жүз жасап Ауырмашы 
анашым Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына 
бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та 
жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз 
емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны 
табыс етсін. Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңа Осымен 
кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса 
қымбат жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз 
құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет