32
Жүгірді ме, көрдің бе? –
деп қойнында көжегі, қолында нәуірезегі бар балаларына сұрау қойған.
Әжесі
: Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап
соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп
аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер мен бозбалалар
болса қыздар мен келіншектерге айна, тарақ, иіссудан тұратын
«селт еткізер», «дір еткізер» сыйлықтар ұсынады. Бұл дәстүрлі
сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен
сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындай
құлпырудың белгісі.
Қамбар
: Е – е, жаңағы ағатайдың көкеме ақ орамал, әпкеме айна
әкелуінің сыры осыдан екен ғой?! (қутыңдайды)
Балқия
: Қой, тыныш отыр!
Ботагөз
: Ата, төрдегі қос шырақты не үшін жақтық?
Атасы
: (ет турап отырады)
Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде,
«Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып
қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-
сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен
Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып,
жуылып тазартылады. «Береке басынан басталады» демекші,
жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады. «Жыл
бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын»
деген тілек қой. Ас алыңдар, балалар.
Достарыңызбен бөлісу: