Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.
№
1 асық. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер
өткен?
Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.
Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.
Шешендер: Жиренше, Бөлтірік т.б.
Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.
№
2 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
27
№
3 асық
.
Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№
4 асық
.
5 асыл мен 5 дұшпанды ата.
Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой,
қанағат ету, рақым жасау.
Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ.
№
5 асық
.
Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,
сақина салу т.б.
Жүргізуші:
“Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің
соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата
берсін! (Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)
28
ҚЫЗЫР БАБАНЫ ҚАРСЫ АЛУ
(Әдеби - драмалық шара)
Шараның формасы: сахналық көрініс.
Шараның мақсаты:
1) Қоғамның тарихи дамуында қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа
көшетін, әлеуметтік нормалар, халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің негізгі - әдет-
ғұрып, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен ізгілік, яғни, әлеуметтік - мәдени мұра
туралы түсінік қалыптастыру;
2) Моральдық сана, моральдік ұстаным, моральдік құндылықты сезінугі тәрбиелеу;
Достарыңызбен бөлісу: |