Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы


Перед началом и после программы желательно, чтобы в зале звучали песни о весне



Pdf көрінісі
бет29/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

Перед началом и после программы желательно, чтобы в зале звучали песни о весне, 
женщинах, любви или романтическая инструментальная музыка. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


44 
ӘСКЕР - ӘЛІМІЗ, АРМИЯ – АБЫРОЙЫМЫЗ! 
(
Әдеби
музыкалық
кеш
)
7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер 
секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға ұғындыру, күні ертең 
олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, 
шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет. 
Назарларыңызға “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты салтанатты кеш жоспарын 
ұсынамыз. Мереке өткізілетін жерді де тақырыпқа сай әзірлейміз. Сахнада Қазақстан 
Республикасының рәміздері ілініп, гүл шоқтары және шарлармен, “Тәуелсіз елдің 
қыраны” атты кітап көрмесімен безендірілген. Үлкен әріппен, 
“Отан сенген ұландар! 
Әкелер дәстүріне адал болыңдар”- деп жазылған. 
Залда әскери-патриоттық тақырыпта жазылған әндер, музыка ойналып тұрады. Мұның 
бәрі кешке келгендерді болатын мереке мазмұнымен жете танысуға жағдай жасайды. 
1-бала: Ел қорғайтын, ер ағалар – 
Ардағымыз, арымыз. 
Ерлер тойын, елдің тойын, 
Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз! 
Жүргізуші: Балалар! “Әскер - әліміз, армия – абыройымыз!” атты кешімізге Отан 
алдындағы әскери борышын аяқтап қайтқан, кітапхана оқырманы _________, Отан 
алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген кітапхана оқырманы ____________, 
анасы қатысып отыр. 
Осылайша келген қонақтарды жекелеп таныстырып шығады. Қазір біздің шекарамыз 
берік қолда. Оны қас қақпай күзетіп тұрған, кешегі Жеңіс солдаттарының немерелері, 


45 
шөберелері.
Олар да аталарындай жігерлі, әкелеріндей өжет. Отанымыздың шырқын бұзғысы келетін 
қай жауға болса да тойтарыс бере алады. Біз осыған қуанамыз. Ендігі сөзді қонағымыз, 
кітапхана оқырманы, запастағы жауынгер жалғастырады. 
Қонақ әнгімесінен соң, ұлдар мен қыздар өздерінің даярлаған музыкалық сәлемдерін 
жолдайды.
 (Ән айтылып, күй шертіліп, би биленеді).
1 – бала: Тапталмайтын түнгі ізі, 
Сақшысы болам Отанның 
Жарқырап жанған жұлдызы 
Келеді ұлан атанғым. 
2 – бала: Туған жердің әр тасы 
Маған ыстық қашаннан. 
Бұйраланған аршасы; 
Қорғайтын - ер боламын. 
3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі, 
Ұланы болам Отанның 
Жарқырап жанған жұлдызы, 
Жалғаймын жолын Ағаның! 
4 – бала: Буырқанып тұрса да барша маңым, 
Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын. 
Қиындықты алмастай қиып өтіп,
Бәрі: “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын. Залда отырғандардың бәрі қосылып,
“Әрқашан күн сөнбесін” әні орындалады. 
Жүргізуші: Бәрекелді, балалар! Менің қолымда қазір әскери борышын (жер аты) өтеп 
жатқан кітапхана оқырманы (аты) хаты. (Хатты оқып шығады). 
Ал бүгін біздің арамызда оқырманымыздың анасы отыр, енді сол кісіні тыңдайық. 


46 
Жүргізуші: Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік! 
1 – ұлан: Оқушымын бүгін мен, 
Кіп-кішкентай баламын. 
Ертең менде өскенде, 
Ел қорғауға барамын.
2 – ұлан: Атам – солдат, ал әкем 
Капитан, қатал мінезі. 
Сендерге достар, ант етем, 
Генерал болам мен өзім. 
3 – ұлан: Ұландар, тізіл, сапқа тұр! 
Бастайық енді ойынды. 
Болу үшін нақ батыр, 
Жаттығу аса қажетті. 
(Осы жерде әскери ойындар түрінен қысқаша элементтер көрсету керек).
4 – ұлан: Жауға басын имеген, 
Жауыздықты сүймеген. 
Ісіңе, Аға, еліктеп, 
Ерлігіңді үйренем 
5 – ұлан: Жүреміз даңқты жолдармен, 
Қырандар бірге самғаған. 
Әзірге титтай болғанмен 
Ертеңгі ел қорғаны – мен болам! 
6 – ұлан: Жер бетінде тыныштық! 
Жер бетінде туыстық! 
Баянды бақыт Адамға! 
Орнатуға Далаға! 
Сәбилік таза көңілмен 


47 
Бәрі: Ант етеміз!
Ант етеміз! 
Ант етеміз!
Жүргізуші: Кең байтақ, қазақ елін, жерін, халқын қорғауға дайын болыңдар, 
Жас ұландар! 
- Әрқашанда дайынбыз! 
Сахнада тұрған балалар көгершіннің, Бейбітшілік тақырыбына салынған суреттерін, 
“Жасасын, Қазақстан!”, “Өркенде, өс, өз – Елім” – деген т.б. ұрандар жазылған 
плакаттарын, шарларын жоғары көтереді. 
Осы кезде барлығы тік тұрып Қазақстан Республикасының гимні “Менің Қазақстаным” 
әнін орындайды, мереке соңы концертке ұласады. 
(Концерт бағдарламасы мереке тақырыбына сай болғаны жөн) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


48 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет