Пока судьи подводят итоги соревнований, зрители выбирают из числа участников
кандидатов на звание "Мистер "А ну-ка, парни!" По зрительским аплодисментам
определяется победитель. Подведение итогов и награждение.
90
ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП
Тақырыбы: Үлкендер жолы – ұлылық,
Ұрпағы жүрер ұғынып!
Мақсаты:
а) Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді,
үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Белгілі бір
мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.
Түрі: кездесу кеші
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ – жауап, образға ену, зерттеу
Көрнекілігі: ардагерлерге байланысты жазылған қанатты сөздер
Техникалық құрал: мультимедиа
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: класс бөлмесін тәрбие сағатына әзірлеу, қонақтарды қабылдау
2. Кіріспе. Мұғалім сөзі.
1. Ардагерлерге арнау өлеңін оқу.
2. Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру. (Сахнада күй ойнап тұрады)
3. Негізгі бөлім.
1. Әдеби – музыкалық монтаж
1- оқушы: Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
91
Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан
2- оқушы: Ұстаз - ол, қырық жылдай еңбек еткен,
Ұрпағы үшін аянбай терді төккен
Қаншама шәкірттерге білім беріп
Бар өмірі баламен бірге өткен.
3- оқушы: Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға
2. «Ұстаздық – ұлы мамандық!» (Оқушылардың шығармашылық жұмыстары)
3. Қонақтарды таныстыру
4. Ән: «Көбейсін немере - шөберелер» Төлегенов Д.
5. Әдеби- музыкалық монтаж
4-оқушы: Көңілде өткен күннің елестері
Сырласып құрбылармен тең өскені
Ән шырқап талай тойды бірге өткізген
Кездері кеше ғана емес пе еді
5- оқушы: Бәрі де қандай еді жас шағында
Уақыт қалай өткен қас қағымда
Кездері кеше еді ғой жарқыраған
Жұлдыз боп әр ауылдың аспанында
6- оқушы:Жастықтың түспей жасыл туы қолдан
Құлпырған қырдың қызыл гүлі болған
Кездері кеше еді ғой әр ауылдың
Жарқырап жанған көкте күні болған.
6. «Бәйтерек»газетінің тілшісі Қазиев Жеңістің ардагерлермен сұхбаттасуы
1. Ардагерлерге сұрақтар беру
2. Тренинг: «Сиқырлы таяқша»
3. Ойын: «Жұбыңды таңда»( Оқушылар өз жұптарын таңдай отырып, салауаттылыққа
байланысты
мақал – мәтелдер айтып жарысады. )
7. Терме «Балаларыма өсиет»
8. «Қарты бардың – қазынасы бар» Отарбаев Дәуреннің зерттеу жұмысы
4. Қорытынды.
1. «Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын»
(Бәйтерек ағашына оқушыларға арнап тілек жазу)
2. «Батаменен ер көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)
3. Хор: «Ұстазым»
Начало формы
92
Конец формы
Достарыңызбен бөлісу: |