— 44 —
Б
аспана жайлы
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін:
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
Қыз жасауы. Құрақ тігу
Құрақ – түрлі матаның қиындысынан құралған
көрпе емес, ананың қызына деген тілеуінің жиынтығы.
Ана – бойжеткен қызының орын тапқанын, барған
жерде бағы ашылып, басы құралғанын, бай-қуатты,
үбірлі-шүбірлі болғанын және тіл-көзден аман
жүргенін тілейді. Әйелдер үшін таптырмас бизнес
болғанымен сабырлылық пен қол еңбегін талап ететін
бұл кәсіптің өзіндік артықшылықтары көп. Атап айтар
болсақ, тұрмысқа шығатын қыздар саны артпаса еш
кемімейді. Осы ретте «кәдесіз қыз болмайтынын»
ескере отыра әр ата-ана тұрмысқа шыққан қызының
артынан «қыз жасауын» ең маңыздысы көрпе-төсегін
міндетті түрде апарады. Дәл сол көрпесі мен төсегінің
құрақтан тігіліп, ерекше әрі әдемі болуын қалайтын
аналар өте көп.
«Қыз жасауына қажет еді» деп құрақ көрпе
іздесеңіз, базардан дап-дайын дүниені тез табасыз.
Қолдан тіктіремін деушілерге де әлеуметтік
желілерден тапсырыс алатындарды табу оп-оңай.
«Құрақ көрпе», «қыз жасауы» деп жазсаңыз болғаны.
Алайда, бүгінгі қыз жасауынан қазақтың бұрынғы
төл өнерінің болмысын сезіне алмайтынымыз анық.
Көздің жауын алатын керемет оюмен өрнектелген
көрпешелерден қолөнердің, «ай», «шаршы»,
«тұмарша», «ботакөз», «сегіз жапырақ», «тырна»
атты құрақ түрлерінің ізі өшіп бара жатқандай. Егер
сіз құрақ тігумен айналысқыңыз келсе ең басты
артықшылығыңызды ойлап табу қажет. Яғни сіз
тіккен құрақтарға сұраныстың артуы үшін, құрақ
тігудегі фишкаңызды ойлап табыңыз.
— 45 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
Достарыңызбен бөлісу: |