5
мембрана арқылы бөлінбейді. Ал қозғалу мүшесінің қызметін бір немесе
бірнеше талшықтар атқаруы мүмкін. Прокариот жасушасы
плазмалық
мембранамен
жа был ған, оның сыртында
жасуша қабырғасы
, көбінесе
шырышты қабықша
(капсула) болады. Қабықша бактерия жасушасын
қорғайды. Прокариот жа сушасында міндетті түрде ұсақ
рибосомалар
және
ерекше
мембрана қатпары
болады. Сонымен, онда хлорофилл немесе
энергия алуға қатысатын басқа да маңызды заттар болуы мүмкін.
Эукариоттар
– құрамында ядросы бар ағзалар.
ядро
және басқа
да құрылымдары
жа суша цито плазмасында болады және олар
органоидтер
деп аталады. Барлық органоидтер белгілі бір қызмет
атқарады. Ядро бүкіл химиялық үде ріс терді
нәруыздар-ферменттер
синтезі арқылы бақылап, жасуша тіршілігін басқарады. Олар көбінесе
жасуша орта лы ғында болады. Бірақ қартайған өсімдік жасу ша сында
барлық дерлік жасуша кеңістігін орталық ірі ва куоль алып жатуы
мүмкін. Сонда цитоплазма қалдығы бар ядро жа суша қабықшасына
жақын орналасады.
Ядро – цитоплазмадан
саңылауы
бар
екімембрана
арқылы бөлінген
органоид. Ядро ның ішінде
хромосомалар
мен
ядрошық
жүзіп жүретін
ядро шырыны –
кариоплазма
болады. Хромосомаларда нәруыздардың
құрылысы туралы тұқым қуалаушылық ақпарат сақталады. Эритроциттер
мен тром бо циттер сияқты ядросы жойылған эукариот жасушалары көбею
қабілетінен айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: