Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет177/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

Пәннің рөлі мен орны: 
ядролық физика микроәлемді зерттейтін ғылым 
ретінде материяның құрылымы мен Ғаламтордың пайда болуының алғашғы 
принциптерін зерттейді 
Пән ғылымына қысқаша тарихи шолу.
Ядролық физика – атом 
ядросының құрылымы, құрамы және өзгерісі туралы ғылым. 1904 жылы 
ағылшын физигі Томсон атомның алғашқы моделін ұсынды: ішінде 
электрондары бар, өлшемі 10
-8
см оң зарядталған шар тәріздес. 1909 жылы бұл 
модель альфа – бөлшектердің жұқа металл фольгадан шашырау тәжірибесінің 
нәтижелерімен қайшы келді. Кішкентай бұрышқа емес (кулондық әсерлесудің 
нәтижесінде), үлкен бұрыштарға (90

-тан жоғары) шашыраған бөлшектер 
табылды. 1911 жылы Резерфорд жаңа атом үлгісін ұсынды, бұл үлгіге сәйкес 
атом - центрде орналасқан, оң зарядталған, өлшемдері өте кішкентай (10
-14
м) 
ядродан және оны айтарлықтай өте үлкен арақашықтықта (10
-10
м) айналып 
жүретін электрондардан тұрады. 1913 жылы Дат ғалымы Н.Бор атомдық 
процесстердің кванттық теориясын ұсынды. Ол атомда Планк тұрақтысына 


еселі қандай да бір қозғалыс мөлшерінің моменті бар, стационар электрондық 
орбиталардың болатынын постулаттады.
1919 жылы Резерфорд одан сутегінің жеңіл изотобының массасына тең
оң зарядталған бөлшектің ұшып шығуымен жүретін, азот атомының 
ядросының ыдырауын ашты. Осы арқыла ядролардың құрамында 
протондардың болатыны дәлелденді. 
1932 жылы Чедвик массасы протонның массасына жақын, бірақ заряды 
жоқ жаңа бөлшекті ашты. Ол бөлшек нейтрон деп аталды. 1950 жылы 
нейтронның ыдырауы анықталды. 
1930 жылы осы бөлшектердің қасиеттерін зерттеу аумағын айтарлықтай 
кеңейтуге мүмкіндік беретін, элементар бөлшектерді үдеткіштерді құрастыру 
басталды. Ең ауқымды коллайдер (бөлшектердің екі айналмалы шоғы 
бөлшектердің тығыздығы жоғары болатын бірнеше қиылысу аумақтарында 
соқтығысатын үдеткіш) 2008 жылы ЦЕРН-де (Швейцария) салынды. Бұл 
үдеткіште әрқайсысының энергиялары 7 ТэВ протон шоқтары соқтығысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет