ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Пәннің мақсаты.
Студенттердің атом ядросының құрылымы бойынша
базалық білім алуы; микроәлемнің құрылымдық ұйымдасуы жайында түсінік,
фундаменталды әсерлесулер механизмі, осы пәннің идеялары мен әдістерін
меңгеру; меңгерген принциптер мен әдістерді элементар бөлшектер
физикасындағы құбылыстар мен процесстерге қолдана білу; симметрия,
себептілік, кванттық механика, элементар бөлшектер физикасындағы сақталу
заңдарының принциптерін рөлін түсіну; нақты физикалық есептерді шешу
дағдысын қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеті:
-
пәнді оқу нәтижесінде студент негізгі атом ядросы құрылымының
ұғымдары, заңдары және оларды қолдану салаларының қазіргі заманғы өзекті
мәселелерімен таныстыру;
- микроәлем туралы ғылымның қазіргі белгілі заңдарын, заңдылықтарын,
құбылыстарын үйрету;
- микроәлем құбылыстарын өрнектейтін негізгі формулаларды қорыту;
-есеп шығару әдістері мен негізгі ядролық физикалық тұрақтылықтарды
есептеу әдістерін игеру;
- зертханалық жұмыстар орындау, физикалық тәжірибелер мен ғылыми
зерттеулер жүргізу әдістемелерін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: