Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет199/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
Табиғат заңдарын ядролық және субядролық деңгейде қалыптастыратын 
микроәлем туралы ғылым «Атом ядросының құрылымы» пәні базалық пәндер 
қатарына жатады. Оның түсініктері, ұғымдары және зерттеу әдістері 
фундаменталды сипатқа ие. Ол Ғалам эволюциясының дамуының замануи 
түсінігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Атом ядросының құрылымыныңжалпы анықтамалары, заңдары, 
элементар 
бөлшектер 
мен 
ядролық 
физиканың 
негізгі 
даму 
кезеңдеріқарастырылады.. Әсерлесу теориясының аса маңызды жетістіктері – 
электрәлсіз әсерлесу теориясының дамуы, ауыр, электромагниттік және әлсіз 
әсерлесулерді біріктіруге талпынған «Ұлы біріктіру» теориясы. Сонымен қоса, 
ядро құрылымының заманауи мәселелері: адрондардың кварктық құрылымы, 
нуклондардың әсерлесу құрылымы, экзотикалық ядролардың құрылымы, глюон 
түсінігі оқытылады.
Пәннің пререквизиттері: 
ядролық физика, атом ядросының физикасына 
кіріспе, кванттық механика, электродинамика.
 
Студенттерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптар. 
«Атом 
ядросының құрылымы» пәнін меңгеру үшін студенттер жалпы физика курсын, 
классикалық механиканы, релятивистік кванттық механика негіздерін, 
электродинамиканы, кванттық механиканың принциптерін білу тиіс.
Білім, қабілет пен дағдылардың пререквизиттері (оқытудың 
нәтижелері): 
атом ядросын теориялық сипатта толық түсініп, ондағы 
құбылыстарды жетік меңгеру. 
Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студент: 


-
ядролық физиканың негізгі әдістерін білуге; 
-
есептеудің негізгі әдістерін ядролық әсерлесулердегі нақты 
процестерді зерттеу мен түсіндіруге қолдана білуге; 
-
ядролық физиканың әр-түрлі есептерін шешуге және ядролық 
технолгияларды жаңаша өңдеуге қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге 
тиісті; 
-
негізгі ядролық физика ұғымдары, заңдары және оларды қолдану 
салаларының қазіргі заманғы өзекті мәселелерімен таныстыру; 
-
микроәлем 
туралы 
ғылымның 
қазіргі 
белгілі 
заңдарын, 
заңдылықтарын, құбылыстарын үйрену;
-
микроәлем құбылыстарын өрнектейтін негізгі формулаларды 
қорыту;
-
есеп шығару әдістері мен негізгі ядролық физикалық 
тұрақтылықтарды есептеу әдістерін игеру;
-
зертханалық жұмыстар орындау, физикалық тәжірибелер мен 
ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін игеру. 
-
студенттердің физикалық процестердің микроәлемдегі 
ағымындағы обьективтік заңдары туралы теориялық фундаменталды білім 
алуына қол жеткізу; 
-
студенттерді шынайы ортадағы радиоактивтіліктің заңдылықтарын 
талқылай алуына өз бетімен қол жеткізуге үйрету; 
-
элементар бөлшектер мен ядроларға әсер етуші энергетикалық 
сипаттамаларды білу;
-
Дирак пен Шредингер теңдеулерін шешу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет