Н.Бор атомдық процесстердің кванттық теориясын ұсынды. Ол атомда Планк
тұрақтысына еселі қандай да бір қозғалыс мөлшерінің моменті бар, стационар
электрондық орбиталардың болатынын постулаттады.
1919 жылы Резерфорд одан сутегінің жеңіл изотобының массасына тең,
оң зарядталған бөлшектің ұшып шығуымен жүретін, азот атомының
ядросының ыдырауын ашты. Осы арқыла ядролардың құрамында
протондардың болатыны дәлелденді.
1932 жылы Чедвик массасы протонның массасына жақын, бірақ заряды
жоқ жаңа бөлшекті ашты. Ол бөлшек нейтрон деп аталды. 1950 жылы
нейтронның ыдырауы анықталды.
1930 жылы осы бөлшектердің қасиеттерін зерттеу аумағын айтарлықтай
кеңейтуге мүмкіндік беретін, элементар бөлшектерді үдеткіштерді құрастыру
басталды. Ең ауқымды коллайдер (бөлшектердің екі айналмалы шоғы
бөлшектердің тығыздығы жоғары болатын бірнеше қиылысу аумақтарында
соқтығысатын үдеткіш) 2008 жылы ЦЕРН-де (Швейцария) салынды. Бұл
үдеткіште әрқайсысының энергиялары 7 ТэВ протон шоқтары соқтығысады.
Достарыңызбен бөлісу: