1 км. қашықтықты конькимен сырғанай жүріп өтіңіз. Жүріп өту кезінде бірнеше техникалық амалдарды қолданыңыз: а). «Апельсин» техникасымен. Өкшелер бір-бірімен қосулы, аяқтың ұшы екі жаққа қарап тұру қалпында болады. Конькиді ішкі жағымен аяқты қисайта жан-жаққа жылжытып шеңберді тұйықтау қажет. Осы жаттығуды орындау кезінде аяқтың астында шеңбер суреттері пайда болады. b). «Шамдар» техникасымен. Апельсинге ұқсас қозғалыстарын жасаймыз, алайда шеңберді тұйықтау қажет емес, конькиді ішкі жағымен аяқты қисайта жан-жаққа жылжыту барысында толықтай аяқты жазбай көбіне параллель қоюға тырысамыз. Осы жаттығуды орындау кезінде аяқтың астында жан-жаққа шашыраған шамның сәулелерінің суреттері пайда болады.
Бір-бірінің артына тұру. Бірінші жүгіруші – жүргізуші – алдымен тура жүгіреді, содан кейін жан-жаққа бұрылулар орындайды. Оның командасы бойынша осы қозғалыстарды барлық «жылан» да қайталайды. Сонымен бірге есте сақтаңыз: өзі мен алда бара жатқан ойыншы арасындағы арақашықтықты қатаң сақтау қажет.
|
Конькимен сырғанауға үйренуге сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=TGDh-k6pT34
https://www.youtube.com/watch?v=TGDh-k6pT34
|