Meh 1205 МЕХАНИКА
Көлемі - 3 кредит
Авторлар:
Толеуов Г.К. - физика-математика
ғылымдарының кандидаты,
физика-техникалық факультетінің жылу физика
және техникалық
физика кафедрасының аға оқытушысы
Исатаев М.С. - физика-математика ғылымдарының кандидаты,
физика-техникалық факультетінің жылу физика және техникалық
физика кафедрасының аға оқытушысы
Пікір жазғандар:
Ершина А.К. - физика-математика
ғылымдарының докторы, Қазақ
Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіның профессоры
Молдабекова М.С. - педагогика ғылымдарының докторы, әл -Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жылу физика және техникалық физика
кафедрасының профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Жалпы физиканың, соның ішінде оның «Механика» бөлімінің
табиғаттағы
құбылыстарды бақылаудан, практикалық тәжірибеден және
эксперименттен алынған мәліметтерді жинақтап қорыту арқылы заңдар мен
заңдылықтарды тауып, оларды зерттеуі болып табылады.
Механика эксперименттік ғылым болғандықтан студенттерді негізгі
бақылау, өлшеу және тәжірибелер жасау әдістерімен
таныстыру қажет және
лекциялар қажетті демонстрация және лабораториялық жұмыстармен
толықтырылуы керек. Сонымен қатар, механика адекватты түрде
математикалық формулалармен өрнектелген физикалық теориялардан тұратын
болғандықтан, студенттер теориялық білімдерін механиканың физикалық
негіздерінің негізгі практикалық есептерін шығаруға қолдана білулері қажет.
Лекциялар жеткілікті түрде математикалық
аспапты қолдана отырып және
практикалық есептер шығара отырып жүргізілуі керек.
Міндеттері:
студент механиканың негізгі заңдары мен қағидаларын,
негізгі механикалық құбылыстарды, физикалық моделдер мен гипотезалардың,
теориялардың қолданылу шектерін және олардың философиялық және
методологиялық мәселелерін білуге міндетті.
Студент математикалық талдау әдістері мен векторлық есептеу негіздерін
білуі тиіс.
Механика пәнін оқып-үйрену нәтижесінде студент білуі тиіс:
-
механика курсының негізгі ұғымдары мен физикалық шамаларын;
-
механиканың негізгі
заңдары мен принциптерін, олардың логикалық
мазмұны мен математикалық өрнегін;
-
негізгі механикалық құбылыстарды;
-
физикалық модельдер мен гипотезаларды қолданудың аумағы турады
түсінігі болуы тиіс.
Механика пәнін оқып-үйрену нәтижесінде студенттің қолынан келуі тиіс:
-
нақты есептердің мазмұнын
физиканың жалпы заңдарымен
салыстыру, механика заңдарын физика саласындағы нақты есептерді шешу
үшін тиімді қолдану;
-
механиканың
қарапайым
құбылыстарының
математикалық
модельдерін құрастыру және осы модельдерді зерттеу үшін математикалық
аппаратты, есептеуіш математиканың әдістерін қолдану;
-
егізгі физикалық приборларды механикалық шамаларды өлшеу
үшін қолдану, механиканың қарапайым тәжірибелік есептерін қою және шешу,
алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: