Пәнді оқытудың міндеттері
Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін студенттер:
-аналитикалық геометрия пәнінің базалық ұғымдарын терең түсінуі;
-геометриялық обьектілердің қасиеттерін зерттеуде координаттар әдісін
қолдана білуі міндетті.
Пәннің объектілері:
кесінді, түзу, жазықтық, кеңістік, екінші ретті
қисықтар және беттер.
Пән ғылымының басқа ғылымдар арасындағы мәні және алатын
орны:
қазіргі таңда аналитикалық геометрияның
техникалық ғылымдар
саласында алатын орны ерекше және өте жоғары деңгейде деп айтуға болады.
Күн системасының теориясын, атомның ядросын және ядролық реакцияларды
зерттеуде және басқа да іргелі, қолданбалы ғылымдарда математикалық әдістің
кең қолданылатыны көпке белгілі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Векторлық алгебра элементтері
Векторлық алгебра және координаттар әдісі.
Векторларға амалдар
қолдану. Вектордың остегі (түзудегі) және жазықтықтағы проекциясы.
Векторды координаттық остердің орттары бойынша жіктеу. Вектордың модулі.
Бағыттаушы косинустар. Проекциясы берілген векторларға амалдар қолдану.
Векторлардың көбейтінділері
Векторлардың скалярлық көбейтіндісі және оның қасиеттері. Скалярлық
көбейтіндіні векторлардың координаттарымен өрнектеу.
Векторлардың
скалярлық көбейтіндісінің қолданысы.
Векторлардың векторлық көбейтіндісі және оның қасиеттері. Векторлық
көбейтіндіні векторлардың координаттарымен өрнектеу. Векторлардың
векторлық көбейтіндісінің қолданысы.
Векторлардың аралас көбейтіндісі және оның қасиеттері. Векторлардың
аралас көбейтіндісін векторлардың координаттарымен өрнектеу. Векторлардың
аралас көбейтіндісінің қолданысы.
Достарыңызбен бөлісу: