Қарапайымдылар


Қабыршақты амебалар отряды – Testacea



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар

 Қабыршақты амебалар отряды – Testacea
Қабыршақты амебалардың құрылысы кәдімгі амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі 
айырмашылығы олардың денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршақтары 
органикалық заттан не қоймалжың заттан құралған, бұған майда қиыршық құм, тағы басқа бөгде заттар 
жабысып тұрақты формасын жасайды (қапшықтәрізді, табақшатәрізді т. б. пішінді). Қабыршақтың устье деп 
аталатын арнайы тесігі болады, псевдоподиялардың шығуына арналған. Псевдоподиялары арқылы 
қозғалады және қоректік заттарын жинап алады. Жыныссыз жолмен көбейеді. Пайда болған екі клетканың 
біреуі устье арқылы сыртқа шығып жаңадан қабыршақ түзейді. Қабыршақты амебаларға: арцелла - Агсеііа, 
диффлюгия - Difflugia туыстарының өкілдері жатады. Бұлар тұщы суларда (судың түбіндегі шөгінділердің 
бетіне қоныстанады), батпақтарда, ылғалды мүктерде жиі кездеседі.
Фораминифералар отряды - Foraminifera
Фораминифералар отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса түрлері жатады. Бұлардың дене 
құрылысы амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы 
қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршағы алғашқы кезде бір камералы болып келеді, бұл 
камераны ұрық камерасы деп атайды. Содан кейін цитоплазманың бір бөлігі қабыршақтың тесігі арқылы 
сыртқа шығып, оның сыртында жаңа қабыршақ пайда болып, сөйтіп екінші, үшінші, көптеген камералары 
түзіледі. Көп камералы қабыршақтың ішінде тек қана бір клеткалы қарапайым орналасады. Камералар бір-
бірімен тесік арқылы байланысады. Қабыршақтары ұзын қапшықтәрізді, бұтақ, түтік, спиральтәрізді болып 
келеді. Осы органикалық затқа көмірқышқыл ізбесті сіңген, сондықтан қабыршақтары жеңіл және берік 
болып келеді. Кейбір түрлерінде қабыршақтың органикалық затына майда қиыршық құм жабысқан, 
бұлардың қабыршақтары үлкен, ауыр болып келеді . 
Фораминифералардың жалған аяқтары кабыршактың тесігінен сыртқа шығып, жіп тәрізді, ұзын, бір-
бірімен ұштасып түйінделіп тор жасайды. Бұларды ризоподия деп атайды. Ризоподия негізінде, қоректік 
заттарды ұстау және қозғалу қызметін атқарады. 
Фораминифералар ұрпақ алмасуы жолымен, яғни жыныссыз көбеюмен жынысты көбеюдің кезектесіп 
отыруы арқылы дамиды.
Бұлар даму кезінде екі түрлі ұрық камераларын түзейді. Ұрық камерасы кішкене - 
микросфералық камера және ұрық камерасы үлкен - макросфералық камера. Фораминифералардың 
макросфералық формалары клетканың жыныссыз жолмен көбейген кезде пайда болады да, өздері жынысты 
жолмен көбейеді, ал микросфералық формалары жынысты жолмен пайда болады да өздері жыныссыз 
жолмен көбейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет